
Денсаулық сақтау министрлігінің шешімімен бірыңғай дистрибьютордың өз қаражатының есебінен дәрілік заттардың резервтері 21 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды, бұл пациенттерді 2-3 айға қажетті препараттармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Резерв бірінші кезекте жаңадан анықталған пациенттер мен шұғыл жағдайларға арналған.
2025 жылы төмендетілмейтін қордағы препараттардың тізбесі жүрек-қан тамырлары және онкологиялық аурулардан эндокриндік және сирек кездесетін нозологияларға дейінгі аурулардың негізгі топтарын қамтитын 12-ден 341-ге дейін кеңейтілді.
Құрылған қор емдеудің үздіксіздігіне кепілдік береді, қажеттіліктің өсуіне және жеткізілімдердің бұзылуына жедел жауап беруге мүмкіндік береді, сондай-ақ ұлттық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесінің тұрақтылығын қолдайды.
Жеткізуді жеделдету үшін «Фармация» СҚ Бірыңғай дистрибьюторы логистиканы ауқымды оңтайландыруды жүргізді: дәрі-дәрмектерді жеткізу мерзімі 10-нан 5 жұмыс күніне дейін қысқарды, ал операциялық қоймалардың саны 9-дан 18-ге дейін ұлғайды. Бұл орталық хабтарды түсіруге және әсіресе шалғай өңірлерде препараттардың біркелкі және жедел түсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
«Біздің басты міндетіміз — өңірге қарамастан әрбір пациент қажетті дәрі-дәрмектерді уақтылы алуы. Төмендетілмейтін қорды ұлғайту және логистиканы жаңғырту - бұл дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесінің тұрақтылығы үшін стратегиялық қадамдар», – деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.