ҚАЗАҚСТАНДА НӘРЕСТЕ ӨЛІМІ 9 АЙДА 19,3%-ҒА ТӨМЕНДЕДІ

ҚАЗАҚСТАНДА НӘРЕСТЕ ӨЛІМІ 9 АЙДА 19,3%-ҒА ТӨМЕНДЕДІ

Бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында бірінші вице-министр Тимур Сұлтанғазиев еліміздің нәрестелер өлімін төмендетудегі елеулі ілгерілеуі туралы хабарлады.

📊

2025 жылдың 9 айында нәресте өлімінің көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,3% - ға төмендеп, 1000 тірі туылғанға 5,84 құрады (2024 жылы – 7,24).

Тимур Сұлтанғазиев мұндай нәтижелер алғашқы медициналық көмекті дамыту, ана мен бала денсаулығын сақтау қызметтерін нығайту, жаңа туған нәрестелерді бақылаудың заманауи хаттамаларын енгізу бойынша жүйелі жұмыстардың арқасында мүмкін болғанын атап өтті.

🔘

 Сондай-ақ, бірінші вице-министрдің айтуынша, үш өңірде: Атырау, Абай және Жетісу облыстарында неонаталдық өлім көрсеткіштерін жақсарту үшін әлеует бар. Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін шаралар қабылдауда.

🔷

 Қол жеткізілген жетістіктерге қарамастан, Денсаулық сақтау министрлігі балалардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жұмысты жалғастырады. Ерекше назар аударылады:

➤ МСАК деңгейінде педиатриялық стационарлар мен қызметтерді дамыту;

➤ ерте араласу орталықтарын құру және кеңейту;

➤ патронаж қызметін нығайту және оны толықтыру;

➤ балалардағы аурулардың алдын алуды және ерте анықтауды күшейту.

«Әр баланың денсаулығы - біздің басымдығымыз. Біз еліміздің әр өңірінде заманауи және сапалы медициналық қызметтер қолжетімді болатындай оң өзгерістерді көріп, жұмысты жалғастырамыз»,


 – деп атап өтті бірінші вице-министр Тимур Сұлтанғазиев.

📌

 Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанның кішкентай азаматтарының денсаулығын қорғауға бағытталған шаралардың оң серпінін сақтап, нығайтуға ниетті.