Меню
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Страницы
Министрлік туралы
Байланыс ақпараты
Комитеттер
Қызметі
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Институт туралы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Құжаттар
gov@nitec.kz

А. Цой академик Төрегелді Шармановтың 90 жасқа толуына орай ұйымдастырылған конференцияға қатысты

А. Цой академик Төрегелді Шармановтың 90 жасқа толуына орай ұйымдастырылған конференцияға қатысты

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой академик, профессор, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жүйесінің еңбек сіңірген қайраткері Төрегелді Шармановтың 90 жылдық мерейтойына арналған «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек және COVID-19» атты халықаралық конференцияға қатысты.

«Сіздің отандық медицинаның дамуына қосқа үлесіңді, ерен еңбегіңізді бір сөзбен жеткізу мүмкін емес. 90 жасқа толсаңыз да нутрициология және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы зерттеулерді жалғастырудасыз, студенттерге дәріс оқып, ғылыми ұжымды басқарып отырсыз. Дәл осындай белсенді, жігерлі қалпыңыздан таймаңыз, Сіздің бойыңыздағы даналық пен позитив бізге қазіргідей қиындықтарды жеңіп шығуға күш береді»,-деді А. Цой.

Министр Қазақ ұлттық медицина университетінің қызыл залында мерейтой иесіне отандық денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасын табыстады.

«Алғашқы медициналық-санитарлық көмек және COVID-19» халықаралық конференциясына Джонс Хопкинс Университетінің, Вашингтон, Стэнфорд, Оксфорд университеттерінің белгілі ғалымдары, Жапония, Сингапур, Жаңа Зеландия және Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары қатысты.

«1978 жылы ДДСҰ-ның тарихи Алматы декларациясы адам денсаулығы емдейтін дәрігерге ғана емес, аурудың алдын алуға бағытталған шараларға байланысты  екенін түсіндірді. Оған дұрыс тамақтану, таза ауа, сапалы су, вакцинация кіреді», - деді конференцияның ашылуында ҚР ҰҒА академигі Төрегелді Шарманов.

Төрегелді Шарманов әлі тың, жаңа биіктерді бағындырып  жүр. Академик 30 қыркүйекте профессор Виктор Блинников атындағы «Өнертапқыштық және патенттік іске қосқан үлесі үшін» Алтын медалімен марапатталды. Ол зат алмасудағы интернутриенттік өзара әрекеттесу, тамақтану фармакологиясы және тамақтану иммунологиясы, ұлттық тағамдарды қолдана отырып тамақтану терапиясы сияқты түбегейлі жаңа және маңызды ғылыми бағыттарды құрды.

Төрегелді Шарманов еңбек жолын Ұтылау ауданында ауыл дәрігерінен бастап Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрі, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты болды. Академиктің еңбегінің арқасында қазақстандықтар темір тапшылығы анемиясы сияқты проблеманы ұмытты. Алматы қаласының «Әлемдік денсаулық сақтау саласының ұлы хартиясы» атануына да Т. Шармановтың қосқан үлесі зор, себебі дәл осы Алма-Ата конференциясында денсаулық адамның әмбебап құқығы ретінде танылды, ал медициналық көмек қашан да қолжетімді болуы тиіс екені шегелеп айтылды.

Жылдар өткен соң Төрегелді Шарманов Алма-Ата  конференциясын ұйымдастырудағы еңбегі үшін Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының жоғары наградасы - Леон Бернар медаліне ие болды, бұл марапат әлемдегі 42 денсаулық сақтау қайраткеріне ғана бұйырған.

Дата публикации
19 октября 2020
Направления деятельности
Популярные новости
Социальные медиа
Меню подвал
ҚР Президентінің сайты
Тұрақты даму мақсаттары
Ашық Үкімет
Заңнама
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Парламентінің сайты
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Үкіметінің құрылымы