ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ АВТОПАРКІ ЖАҢАРТЫЛДЫ: 50 ЖАҢА РЕАНИМОБИЛЬ КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ АВТОПАРКІ ЖАҢАРТЫЛДЫ: 50 ЖАҢА РЕАНИМОБИЛЬ КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Бүгін Қостанай облысына жұмыс сапары аясында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен облыс әкімі Құмар Ақсақалов 50 жаңа жедел медициналық жәрдем көлігінің кілтін табыстады.

Жыл басынан бері еліміз бойынша жедел медициналық көмек қызметі 5 981 457 шақыртуға қызмет көрсетті.

Қостанай облысында тоғыз айда 234 448 қоңырау қабылданды, ал өтініштердің жалпы саны 285 029 құрады.

Негізгі нәтиже - сәтті реанимациялардың 30,5% -дан 53,1% - ға дейін өсті, яғни бүгінде әрбір екінші реанимация адам өмірін құтқарумен аяқталады.

«Бұл сандар жай статистика емес. Олардың артында сіздердің еңбектеріңіз, жинақылық пен адалдықтарыңыз жатыр. Сіздер күн сайын инфаркт, инсульт, жарақат және басқа да ауыр жағдайлардағы өмірді сақтап қаласыз», – деп атап өтті министр.

Құттықтау сөзінде ведомство басшысы Қазақстанда 2025 жыл жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланғанын, бұл денсаулық сақтау саласы үшін ерекше маңызға ие екеніне тоқталды.

"Ел Президенті жұмысшы кәсіп мамандарын, оның ішінде орта медициналық персонал – фельдшерлерді, медбикелерді, зертханашылар мен санитарларды әлеуметтік қолдауға ерекше назар аударады. Сіздер денсаулық сақтау жүйесінің негізі, сенімді іргетасысыздар», – деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.

Автопарк пен жабдық үнемі жаңартылып отырады, жедел жәрдем станциялары салынып, қайта құрылуда.

2025 жылы Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарында жедел жәрдем станцияларының құрылысы жүргізілуде, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарындағы объектілер үшін жобалау-сметалық құжаттама дайындалды.

Қыркүйек айында Жетісу облысында екі жаңа қосалқы станция пайдалануға берілді.

Министр Қостанайда жаңа заманауи жедел жәрдем ғимаратын салу қажеттігін атап өтті. Қазіргі уақытта облыс әкімдігі құрылыс үшін солтүстік-батыс шағын ауданындағы учаскені белгілеп қойған. Қазір Қостанай жедел жәрдемі ЖСҚ әзірлеу және ғимаратты жобалау кезеңінде.

Денсаулық сақтау министрі облыс басшылығына Денсаулық сақтау жүйесін дамытуға көңіл бөлгені үшін, сондай-ақ медицина қызметкерлеріне, олардың жанқиярлық еңбегі мен кәсібилігі, мамандыққа деген адалдықтары үшін алғысын білдірді.