АСТАНАДА ЕЛІМІЗДІҢ ҮЗДІК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

АСТАНАДА ЕЛІМІЗДІҢ ҮЗДІК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

Республика күні қарсаңында елордада Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің үздік өкілдерін марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шараға еңбек сіңірген дәрігерлер, сала ардагерлері, ғылыми-зерттеу институттарының, республикалық және ғылыми орталықтардың басшылары, орта буын медицина қызметкерлері қатысты.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өз сөзінде отандық денсаулық сақтау тұтастай алғанда елдің үдемелі дамуын көрсететін тұрақты оң өсімді көрсетіп отырғанын атап өтті.

«Қазақстанда жетекші әлемдік клиникалардың деңгейімен салыстыруға болатын жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетіледі. Біздің дәрігерлер күрделі операцияларды, соның ішінде жүрек пен өкпені трансплантаттауды, нейрохирургиялық патологияларды емдеуді жүргізеді. Соңғы жылдары 2,5 мыңнан астам денсаулық сақтау нысаны – қазіргі заманғы ауруханалар, емханалар мен ғылыми орталықтар, соның ішінде шұғыл медицина орталығы салынды»,

– деп атап өтті ведомство басшысы.

Ақмарал Әлназарова өз сөзінде Тәуелсіздік жылдарында елімізде кардиологиялық, онкологиялық және педиатриялық көмекті жетілдіруге, ана мен бала өлімін азайтуға, халықтың өмір сүру ұзақтығын ұлғайтуға және инновациялық медициналық технологияларды енгізуге бағытталған денсаулық сақтау жүйесін дамытудың ауқымды бағдарламалары іске асырылғанын еске салды.

Министр азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттары — ана мен бала денсаулығын сақтау, денсаулық сақтауды цифрлық трансформациялау, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру екенін ерекше атап өтті.

«Негізгі бастамалардың қатарында «Аналар саулығы» бағдарламасы, ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту және медицина кадрларын даярлау жүйесін жетілдіру бар. Бұл жетістіктердің барлығы Президент пен Үкіметтің тұрақты қолдауының, сондай-ақ азаматтардың денсаулығын сақтауға және олардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған медицина қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің арқасында мүмкін болды»,

– деді Ақмарал Әлназарова.

Мереке қарсаңында 100-ден астам медицина қызметкері мемлекеттік наградаларға ие болды, ал 1300-ден астам адам Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық наградаларына ие болды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен республикалық медициналық және ғылыми орталықтардың басшылары, дәрігерлер, профессорлар, медициналық жоғары оқу орындарының бөлімшелері мен кафедраларының меңгерушілері, мейіргерлер мен жедел жәрдем жүргізушілері жоғары мемлекеттік наградаларға ие болды.

- Марапатталғандардың қатарында «Құрмет», «Парасат» ордендерінің, «Шапағат», «Ерен еңбегі үшін» медалдарының иегерлері, сондай-ақ құрметті атақтардың иегерлері бар.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы Қарағанды медицина университетінің онкология және сәулелік диагностика кафедрасының профессоры Мақаш Тынышпайұлы Әлиақпаровқа берілді.

«Денсаулық сақтау жүйесінің ардагерлеріне ерекше алғыс сөздер айтамын. Сіздердің тәжірибелеріңіз бен мамандыққа деген адалдықтарыңыз жақсы дәстүрлерді сақтауға көмектеседі және жас мамандарға үлгі болады»,

– деп атап өтті министр.

Марапаттау рәсімі күн сайын ұлт денсаулығын сақтауда тұрған Қазақстанның медицина қызметкерлерінің жоғары біліктілігін, баға жетпес үлесі мен қажырлы еңбегін мойындаудың