ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАЛАРЫН ЖАҢАРТУ: ҚҰЗЫРЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ АШЫЛАДЫ, ЖАБДЫҚТАР ЖАҢАРТЫЛАДЫ, КАДРЛАР ОҚЫТЫЛАДЫ

ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАЛАРЫН ЖАҢАРТУ: ҚҰЗЫРЕТ ОРТАЛЫҚТАРЫ АШЫЛАДЫ, ЖАБДЫҚТАР ЖАҢАРТЫЛАДЫ, КАДРЛАР ОҚЫТЫЛАДЫ

Облыстық ауруханаларды жаңғырту шеңберінде жыл басынан бері эндокринология, нефрология, ревматология, гастроэнтерология, кардиология, пульмонология, гематология және госпиталь қорын ұйымдастыру бейіндері бойынша 22 жаңа құзыреттілік орталығы ашылды. 2028 жылға дейін облыстық балалар ауруханаларының базаларындағы құзырет орталықтарының саны үш есеге — 17-ден 55-ке дейін ұлғаяды.

Олар Абай, Жетісу, Ұлытау, Ақмола, Маңғыстау, Жамбыл, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Түркістан облыстарындағы облыстық көпбейінді ауруханалардың жанынан құрылған.

- Жобаның шеңберінде облыстық балалар ауруханаларының төсек қорын қайта қарау жұмыстары жүргізілуде. Төсек санын 5,7%-ға - 5319-дан 5621-ге дейін ұлғайту көзделген, бұл балаларға стационарлық көмектің қолжетімділігін арттыруға және медициналық персоналға жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

- Жаңарту жобасының маңызды бағыты - медицина кадрларын даярлау. Астана қаласының № 2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының базасында мамандар даярлау басталды. Барлығы 1000-нан астам медицина қызметкерін оқыту жоспарлануда.

- Сонымен қатар, медициналық жабдықты жаңарту және жаңа қондырғыларды сатып алуды қоса алғанда, жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. 2028 жылға дейін балалар ауруханаларындағы жабдықтар саны 598-ге дейін артады.

Саланы қаржыландыруды жетілдіру шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігі балалар бейіні бойынша медициналық қызметтерге тарифтерді де қайта қарауда.

Тарифтерді көтеру жоспарлануда:

● кардиология - 21%;

● пульмонология - 39%;

● ревматология - 18,7%;

● нефрология - 7%;

● гастроэнтерология - 20%;

● эндокринология – 42,7%.

Тарифтерді қайта қарау балалар ауруханаларының қаржылық тұрақтылығын нығайтуға, бейінді бағыттарды дамытуға және балаларға медициналық көмек көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.