Қазақстанда соңғы аптада ЖРВИ-дің 142 582 жағдайы тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі сырқаттанушылық деңгейінен 13%-ға төмен, деп хабарлады ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.
- Ағымдағы жылдың қыркүйегінде ЖРВИ-дың 593 065 жағдайы тіркелді, 1,4 есе төмендеу байқалады.
- Эпидемиялық маусым басталғаннан бері тұмауға 1202 үлгі тексерілді, оның ішінде А тұмауының(H3N2) зертханалық расталған 3 жағдайы анықталды.
- Халықтың осал топтарына тұмауға қарсы вакцинациялау жүргізу шеңберінде ағымдағы маусымда тіркелген штамдары бар 2,1 млн доза көлемінде тұмауға қарсы вакцина сатып алынды.
- Республикада тұмауға қарсы 1 158 965 адам немесе тиісті контингенттің 50%-ы егілді, вакцинациялау жалғасуда.
ЖРВИ және тұмау қаупін азайту үшін бірнеше қарапайым ұсынымдарды орындау жеткілікті:
✓ адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе жабық кеңістіктерге барудан аулақ болу;
✓ тұрғын және жұмыс бөлмелеріндегі ауаны үнемі желдетіп, ылғалдандыру;
✓ қолды өңдеу үшін антисептиктерді немесе дезинфекциялық майлықтарды қолдану;
✓ науқастармен байланысты шектеу, оларды оқшаулауды қамтамасыз ету;
✓ аурудың алғашқы белгілерінде балаларды үйде қалдырыңыз және оларды мектептер мен балабақшаларға жібермеу;
✓ егер жағдайы нашарласа, уақтылы медициналық көмекке жүгіну, өзін-өзі емдеуден аулақ болу.
Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын сақтаңыз!