Денсаулық сақтау министрлігінде қазақстандық фармацевтикалық және медициналық өнім өндірушілердің өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесудің басты мақсаты - Қазақстандық фармацевтика саласын дамытуға және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін шешімдерді бірлесіп іздеу үшін мемлекет пен бизнестің арасында ашық және сындарлы диалог құру.
Талқылау барысында қатысушылар саланың тұрақты дамуына әсер ететін негізгі мәселелерді қозғады:
➤ салықтық реттеу ерекшеліктері;
➤ БҰҰДБ арқылы сатып алу тәжірибесі;
➤ арнайы инвестициялық міндеттемелерді жасасу және іске асыру кезінде қазақстандық өндірушілер үшін тең жағдайларды қамтамасыз ету.
Кездесу қорытындысы бойынша Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандық тауар өндірушілерге белгіленген мәселелер бойынша өздерінің нақты ұсыныстары мен ұсынымдарын жіберуді ұсынды. Бұл бастамалар қаралып, фармацевтика саласын дамыту жөніндегі алдағы жоспарлардың күн тәртібіне енгізілетін болады.