ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСШЫСЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ДӘРІЛІК ХАБҚА БАРДЫ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСШЫСЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ДӘРІЛІК ХАБҚА БАРДЫ

Ақтөбе облысына жұмыс сапары шеңберінде Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова «СҚ-Фармация» ЖШС үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін «СТОФАРМ» ЖШС дәрілік хабына барды.

Ақтөбе қаласында орналасқан тарату орталығы елдің бүкіл батыс өңірі үшін дәрілік препараттардың логистикасын қамтамасыз етеді.

Хабтан Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарындағы операциялық қоймаларға дәрі-дәрмектерді жөнелту жүзеге асырылады, сол жерден олар өңірлердің медициналық ұйымдарына жеткізіледі.

- Министрдің сапары барысында «СТОФАРМ» ЖШС филиалының директоры оны хаб қызметімен таныстырды. Атап айтқанда, дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, термолабилді препараттар мен вакциналарды сақтау процестері көрсетілді.

Тарату орталығы тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) талаптарына сәйкес келетіні атап өтілді. Қойма мамандандырылған тоңазытқыш және мұздатқыш камералармен жарақталған, бұл дәрі-дәрмектердің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті «суықтық тізбегі» шеңберінде температуралық режимді қатаң сақтауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ қоймада заманауи тиеу-түсіру жабдықтары мен көтергіш-көлік техникасы пайдаланылады.

- Қызметкерлердің штаттық саны 27 адамды құрайды, оның ішінде 7 менеджер және 20 қойма қызметкері бар. Ай сайын Ақтөбедегі хаб арқылы 1,7 млрд теңгеге дейінгі сомаға препараттар мен медициналық бұйымдар өтеді.

- Ақтөбе облысында стационарлық медициналық көмек және амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде Бірыңғай дистрибьютор арқылы 66 медициналық ұйым қамтамасыз етілетінін айта кету керек.

- 2025 жылға өңірдің медициналық ұйымдары жалпы сомасы 9,52 млрд теңгеге 1157 дәрілік зат пен медициналық бұйымды сатып алуға өтініш берді.

- Бұдан басқа, қосымша қажеттілікке 1,52 млрд теңгеге көлем жарияланды.

Қазіргі уақытта Бірыңғай дистрибьютор мен облыстың 65 медициналық ұйымының арасында қосымша көлемді қоса алғанда, сомасы 9,85 млрд теңгеге 1042 дәрілік зат пен медициналық бұйымды жеткізуге шарттар жасалды.

- Бүгінгі таңда 8,77 млрд теңге (98%) сомасына дәрі-дәрмектер жөнелтілді.

Сапардың соңында ведомство басшысы өңірде және бүкіл республика бойынша халықты уақтылы және үздіксіз дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету Үкіметтің басым міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

Ол логистикалық процестерді одан әрі цифрландыру, белгіленген мерзімде жеткізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саласындағы барлық бизнес-процестерді жетілдіру жөніндегі жүйелі жұмыс қажеттігін атап өтті.