Бүгін Астанада «Қазақстан Республикасындағы медициналық туризмді дамыту: болашағы мен мүмкіндіктері» атты алғашқы халықаралық конференция өтті.

Бүгін Астанада «Қазақстан Республикасындағы медициналық туризмді дамыту: болашағы мен мүмкіндіктері» атты алғашқы халықаралық конференция өтті.

Бүгін Астанада «Қазақстан Республикасындағы медициналық туризмді дамыту: болашағы мен мүмкіндіктері» атты алғашқы халықаралық конференция өтті. Іс-шараға әлемнің түкпір-түкпірінен 500-ден астам қатысушы — 30 мемлекеттің елшілері, Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, халықаралық ұйымдар, жетекші сарапшылар, медициналық агенттер мен 13 елден келген байерлер қатысты.

Медициналық туризм – Қазақстан денсаулық сақтау жүйесінің дамуының стратегиялық бағыттарының бірі.

Денсаулық сақтау министрлігі конференция барысында медициналық туризмді дамыту бойынша келесі қадамдарды айқындады:

- Өңірлерде табиғи-медициналық кластерлер құру;

- Табиғи ресурстарды ескере отырып, арнайы оңалту бағдарламаларын әзірлеу;

- Қазақстанды кешенді медициналық және сауықтыру туризмінің халықаралық орталығы ретінде ілгерілету.

 

Келесі кезең – өңірлердің рөлін арттыру және салалар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту.

Медициналық туризмді дамыту жөніндегі жол карталарында туристік нысандарды тиісті күйге келтіру, болашақ бағыттарды айқындау және инвестициялар тартуға жағдай жасау көзделген.

Бұл ретте медициналық ұйымдар, қонақүйлер, көлік компаниялары, туристік агенттіктер, сондай-ақ ақпараттық және коммуникациялық жүйелерді қамтитын барлық қажетті элементтердің кешенді жүйесін қалыптастыру туралы сөз болып отыр. Бұл шетелдік және еліміздің өзге өңірлерінен келген пациенттерге медициналық көмек, оңалту немесе сауықтыру қызметтерін кешенді түрде ұсынуға мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен және бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, медициналық туризмді дамытуға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын.