Көрмеде:
— диагностика мен емдеудің заманауи технологиялары,
— инновациялық медициналық шешімдер,
— елдің жетекші клиникалары мен ғылыми орталықтарының әзірлемелері таныстырылды.
Іс-шара қазақстандық медицинаның әлеуетін, оның ғылыми және технологиялық даму деңгейін, сондай-ақ еліміздің денсаулық сақтау жүйесінің әлемнің түкпір-түкпірінен келетін пациенттерді қабылдауға дайын екенін айқын көрсетті.
Конференция қатысушылары медициналық қызметтердің сапасын арттыру, инфрақұрылымды дамыту және медициналық туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне ерекше назар аударды.
Қазақстан өзін серіктестік пен инновацияға ашық, сенімді әрі заманауи медициналық орталық ретінде нық танытып келеді.