Бүгінде медициналық және курорттық ұйымдарды біріктіретін табиғи-медициналық кластерлер құру бастамасы қолға алынуда.

Бүгінде медициналық және курорттық ұйымдарды біріктіретін табиғи-медициналық кластерлер құру бастамасы қолға алынуда.

Бұл емдеу мен оңалтудың жыл бойғы үздіксіз циклін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Конференция аясында B2B және B2G форматындағы кездесулер, сондай-ақ медицина, фармацевтика және туризм салаларындағы жетістіктер көрмесі өтті. Іс-шара қорытындысы бойынша медициналық туризм саласында халықаралық ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумдарға қол қою жоспарланған.

«Бүгін біз тарихи кезеңде тұрмыз: Қазақстан медицинасының әлеуеті – енді болашақ емес, нақты шындық. Біз еліміздің мақтанышына айналатын және халықаралық әріптестіктің үлгісін көрсететін жүйе қалыптастырып жатырмыз»,

— деп түйіндеді Ақмарал Әлназарова.

 

Форумның ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық денсаулық сақтауды дамыту ғылыми орталығы, іс-шара InnPharma қауымдастығының қолдауымен өтті.