ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КҮНІ: ІШКІ ТЕҢДІККЕ ҚАМҚОРЛЫҚ

ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КҮНІ: ІШКІ ТЕҢДІККЕ ҚАМҚОРЛЫҚ

10 қазан – бүкіл әлемде Психикалық денсаулықтың дүниежүзілік күні атап өтіледі. Бұл күн – қоғамның психикалық саулықтың маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыруға, стигманы азайтуға және мамандар, ұйымдар мен азаматтардың күш-жігерін біріктіруге бағытталған жыл сайынғы іс-шара.

Психикалық денсаулық – бұл тек аурудың жоқтығы ғана емес, адамның ішкі тепе-теңдік күйі, ол кезде адам күйзеліске төтеп бере алады, өзінің әлеуетін жүзеге асырады, жемісті еңбек етеді және отбасы мен қоғам өміріне үлес қосады.

Соңғы жылдары Қазақстанда психикалық денсаулық мәселелеріне ерекше назар аударылуда.

Денсаулық сақтау министрлігі өңірлермен бірлесе отырып, психологиялық және психиатриялық көмекті күшейту, реабилитациялық және профилактикалық бағдарламалар желісін дамыту, мамандар даярлығын кеңейту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

- Алдын алуға ерекше назар

Бастапқы профилактикаға ерекше мән беріледі:

➤ күйзеліс пен эмоциялық бұзылыстарды ерте анықтау;

➤ өзін-өзі реттеу және күйзеліске төзімділік дағдыларын үйрету;

➤ жасөспірімдер мен жастар арасында психологиялық ағарту жұмыстарын жүргізу;

➤ отбасы мен ата-аналарды қолдау бағдарламаларын дамыту.

- Стигманы еңсеру – ортақ міндет

Көптеген адамдар қорқыныш, стигма немесе қайда жүгінерін білмеу себепті көмекке жүгінбейді.

Ашық есік күндерін, ағартушылық акцияларын өткізу, мектеп және жоғары оқу орындары психологтарының жұмысы – психиатриялық және психологиялық көмек жүйесіне деген сенімді арттыру мен кедергілерді азайтудың маңызды қадамдары.

- Психикалық саулықты сақтау бойынша мамандар кеңесі:

1. Эмоциялық ресурсты сақтау – еңбек пен демалысты алмастыру, хоббиге және табиғат аясындағы демалысқа уақыт бөлу.

2. Дененің белгілерін елемеу – ашуланшақтық, ұйқысыздық, тұрақты шаршау мен мазасыздық эмоционалды күйіп кетудің белгілері болуы мүмкін.

3. Сезімдер туралы ашық айту – уайыммен бөлісу, жақындармен сөйлесу немесе мамандардан көмек сұрау.

4. Көмек сұраудан ұялмау – психикалық денсаулыққа қамқорлық жасау әлсіздік емес, жауапкершіліктің белгісі.

Психикалық денсаулықтың дүниежүзілік күні Дүниежүзілік психикалық денсаулық федерациясының (WFMH) бастамасымен бекітіліп, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) қолдауымен өткізіледі.

2025 жылдың ұраны — «Психикалық денсаулық – әр адамның әмбебап құқығы».