2024 ЖЫЛЫ ТРАВМАТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ОРТОПЕДИЯ БАҒЫТЫНДА 240 МЫҢҒА ЖУЫҚ ПАЦИЕНТ СТАЦИОНАРЛЫҚ ЕМ ҚАБЫЛДАДЫ

2024 ЖЫЛЫ ТРАВМАТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ОРТОПЕДИЯ БАҒЫТЫНДА 240 МЫҢҒА ЖУЫҚ ПАЦИЕНТ СТАЦИОНАРЛЫҚ ЕМ ҚАБЫЛДАДЫ

Қарағандыда профессор Хафиз Макажановтың туғанына 110 жыл толуына арналған халықаралық конференция аясында көрме және ғылыми алаңдарда әлемдік травматология мен ортопедия саласындағы заманауи технологиялар ұсынылды. Олардың қатарында роботтандырылған хирургиялық жүйелер, 3D-жоспарлау, ревизиялық эндопротездеу және жасушалық технологиялар бар.

- Қазақстандық  травматолог-ортопедтердің қауымдастығы президенті, академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының директоры Олжас Бекарысов өз сөзінде:

«Біз үшін инновацияларды енгізу ғана емес, ұстаздарымыз негізін қалаған дәстүрлерді сақтау да маңызды. Бүгінгі конференция – әлемнің түкпір-түкпірінен келген жетекші мамандардың күшін біріктіріп, әсіресе өңірлер мен ауылдық жерлерде аса қажетті травматологиялық қызметті дамыту мүмкіндігін атап өтті».

- Форум аясында Қазақстандық ғалымдар мен хирургтар, оның ішінде академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының (ҰҒТОО) мамандары жоғары технологиялық хирургия саласындағы өз әзірлемелері мен жетістіктерін ұсынды.

«Бұл іс-шара тек өңірімізде ғана емес, жалпы елімізде травматология саласының дамуына жаңа серпін береді. Конференция – осы саладағы жетекші мамандардың пікір алмасуы мен тәжірибе бөлісетін алаңы. Бұл озық технологияларды енгізуге және халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға септігін тигізеді»,

– деді форумның ашылуында Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ораз Таурбеков.

- 2024 жылы елімізде 2,5 миллионнан астам адам травматологиялық көмекке жүгінген. Оның ішінде травматология және ортопедия бейіні бойынша стационарларда 240 мыңға жуық пациент ем қабылдап, 130 мыңнан астам ота жасалды, оның 1 556-сы – жоғары технологиялық операциялар.

- Травматологиялық көмек көрсету бойынша көшбасшы мекеме болып академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы қала береді.

- 2024 жылы орталықта 11 мыңнан астам операция жасалды. Оның ішінде 1 720 буын эндопротездеу, 1 500 омыртқа бағанына жасалған операция және 2 мыңнан астам артроскопиялық араласулар бар.

- Орталық инновацияларды белсенді түрде енгізуде: өткен жылы 20 жаңа диагностикалық және емдеу әдісі енгізіліп, 11 патент алынды, 42 ғылыми мақала жарық көрді, оның ішінде халықаралық рецензияланған басылымдарда жарияланған еңбектер де бар.

- Телемедицина аясында ҰҒТОО мамандары 183 консультация өткізіп, өңірлерге сараптамалық қолдау көрсетті. Сондай-ақ орталық кадрлар даярлауда жетекші алаң ретінде қалып отыр – 2024 жылы орталық 15 резидентті шығарды, өңірлерден келген 110 маманды оқытты және өз білім беру бағдарламаларын одан әрі дамытуды жалғастыруда.