КВИ мен пневмониядан қайтыс болған медицина қызметкерінің отбасы түгел әлеуметтік төлем алады - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

КВИ мен пневмониядан қайтыс болған  медицина қызметкерінің отбасы түгел әлеуметтік төлем алады - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Осы аптаның соңына дейін жұмыста жүріп коронавирустан қайтыс болған 182 медицина қызметкерінің отбасына 10 млн. теңгеден әлеуметтік өтемақы төленеді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Баспасөз қызметі.

Ауырған  және қайтыс болған медицина қызметкерлеріне бір реттік әлеуметтік төлемді қарау және беру рәсімдерін жеңілдету үшін Денсаулық сақтау министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, 2020 жылғы 10 қазандағы Бірлескен бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Осылайша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындық жайлы отырыста берген тапсырмасы жедел, қысқа уақытта орындалды.