2027 жылға дейін 6500-ден астам МСАК мамандары біліктілігін арттырады

2027 жылға дейін 6500-ден астам МСАК мамандары біліктілігін арттырады

Денсаулық сақтау министрлігі 2025 жылды медициналық-санитариялық алғашқы көмек мамандарының біліктілігін арттыру жылы деп жариялады.

Бастаманың басты мақсаты - дәрігерлер мен орта медициналық персоналды ауқымды оқытуды қамтамасыз ету, заманауи білім беру бағдарламалары мен практикалық-бағдарлық даярлау әдістерін енгізу.

Жыл басынан бері бүкіл ел бойынша жүздеген жалпы практика дәрігері мен мейіргер тренингтен өтті. Мамандардың ең көп саны Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында даярланды.

Бағдарлама үш жылға арналған. 2027 жылға дейін 6 788 медицина қызметкерін оқыту жоспарлануда. Оның 2 135-ін жалпы практика дәрігері, 3 051-ін орта медицина қызметкері құрайды. Бағдарламаға профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыру да енгізілді: 828 медициналық колледж оқытушысы және 774 медициналық жоғары оқу орындарының оқытушысы оқытудан өтеді.

Денсаулық сақтау министрлігі жұмысшы кәсіптер жылы шеңберінде МСАК мамандарының біліктілігін арттыру денсаулық сақтаудың бастапқы буынын едәуір нығайтуға, халыққа медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға және аурулардың профилакиткасы мен емдеудің жаңа тәсілдерін енгізуге мүмкіндік беретінін атап өтті.