ТМККК ЖӘНЕ МӘМС ШЕҢБЕРІНДЕ ДӘРІЛІК ЗАТТАР МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ҚҚС-ТАН БОСАТЫЛА

ТМККК ЖӘНЕ МӘМС ШЕҢБЕРІНДЕ ДӘРІЛІК ЗАТТАР МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ҚҚС-ТАН БОСАТЫЛА

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бірқатар дәрілік заттар мен медициналық қызметтерді қосылған құн салығынан босатуды көздейтін Үкімет қаулысының жобасын әзірледі.

Халық үшін бұл дегеніміз:

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен МӘМС шеңберінде сирек (орфандық) және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектерді қоса алғанда, дәрілік препараттардың бағасы бойынша қолжетімді болады;

ТМККК және МӘМС шеңберіндегі медициналық қызметтер, сондай-ақ сирек және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу жөніндегі қызметтер ҚҚС есебінсіз ұсынылатын болады.

Министрлік бұл шара пациенттерді қолдауға және емдеудің қолжетімділігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

«Біздің басты міндетіміз - медициналық көмек пен қажетті дәрі-дәрмектерді адамдарға барынша қолжетімді ету. ҚҚС-тан босату медициналық ұйымдарға қаржылық жүктемені азайту және пациенттерге уақтылы көмек алу үшін көбірек мүмкіндіктер береді»,

- деп атап өтті ведомствода.

Қаулының жобасы денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру және халықты әлеуметтік қорғауды нығайту жөніндегі шаралардың шеңберінде іске асырылады.