ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШ РЕТ НЕЙРОМОДУЛЯЦИЯ ҚОҒАМЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕСІ ӨТЕДІ

ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШ РЕТ НЕЙРОМОДУЛЯЦИЯ ҚОҒАМЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕСІ ӨТЕДІ

2-4 қазанда Алматыда нейромодуляция қоғамының Халықаралық конгресі өтеді. Іс-шараға әлемнің түкпір-түкпірінен 400-ге жуық маман жиналады, олардың арасында нейромодуляция саласындағы әлемнің жетекші сарапшылары болады: Konstantin Slavin (АҚШ), Andres Lozano (Канада), Harith Akram (Ұлыбритания), Shiro Horisawa (Жапония), Robert Levy (АҚШ), Atilla Yilmaz (Түркия), Marc Russo (Аустралия) және басқалар.

Халықаралық нейромодуляция қоғамы штаб-пәтері АҚШ-та орналасқан, нейрохирург дәрігерлерді, невропатологтарды, әлемнің түкпір-түкпірінен келген зерттеушілерді біріктіретін халықаралық ұйым болып табылады. Ұйым мүшелерінің саны-3000-нан астам адам.

Қазақ нейромодуляция қоғамы осы конгресті 2024 жылы өткізуге өтінім беріп, Алматыда осы іс-шараны өткізу құқығын сәтті жеңіп алды. Мұндай деңгейдегі іс-шара Қазақстанда да, бұрынғы КСРО аумағында да және бүкіл Орталық Азия өңірінде алғаш рет өткізіліп отыр.

Конгресте нейромодуляцияның ең өзекті технологиялары - нейростимуляторларды имплантаттау арқылы неврологиялық ауруларды емдеу – нерв жүйесінің әртүрлі деңгейлеріндегі жұмысын өзгертетін арнайы құрылғылар, соның ішінде әйгілі Илон Масктың NeuraLink жобасы және ұқсас Brain Computer Interface жобалары талқыланады.

Конгрес шеңберінде нейромодуляцияның негізгі мәселелері - жұлынның нейростимуляциясы, ми стимуляторларын бағдарламалау, электродтарды жоспарлау, интраоперациялық нейромониторинг бойынша әлемнің жетекші мамандарынан мастер-кластар өткізіледі.

Өтетін күндері: 2025 жылғы 2-4 қазан
Өтетін орны: Алматы қаласы, ҚР Ұлттық Ғылым академиясы (Шевченко көшесі, 28-үй)
Байланыс: +7 705 777 7603 (Рустам Секенов)
kzneuromodulationsociety@gmail.com
www.ins-im2025.org