Алматыда А. Сызғанов атындағы Орталықтың 80 жылдығына арналған Қазақстан хирургтарының IX конгресі ашылды

Алматыда А. Сызғанов атындағы Орталықтың 80 жылдығына арналған Қазақстан хирургтарының IX конгресі ашылды

Бүгін Алматыда А. Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының 80 жылдығына арналған Қазақстан хирургтарының IX Конгресінің салтанатты ашылуы өтті.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «А. Н. Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығы» АҚ ұжымына құттықтау хат жолдады. Мемлекет басшысы өзінің құттықтау сөзінде:

«Көрнекті ғалым және дәрігер Александр Сызғановтың бастамасымен құрылған орталық осы уақыт ішінде айтарлықтай жетістіктерге жетті. Мұнда пациенттерді емдеудің инновациялық әдістері енгізіліп, маңызды ғылыми зерттеулер жүргізілді. Хирургияның әртүрлі бағыттары жан-жақты дамыды, білікті дәрігерлер мен ғалымдардың тұтас бір тобы қалыптасты. Нәтижесінде Орталық елдің жетекші ғылыми медициналық мекемесіне айналды. Ұжымның қажырлы еңбегінің арқасында отандық хирургия жаңа биіктерге жетті. Болашақта да сіздер ұлт денсаулығының игілігі үшін өз жұмысыңызды жалғастыра беретіндеріңізге сенімдімін»,-деп атап көрсетті.

Құттықтау хатында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Орталыққа жұмыста жаңа табыстар тілеп, «Инновациялық тәсілдің арқасында Орталық талантты, ойлы және өз еліне адал мамандарды тәрбиелеудің табысты дәстүрін жалғастыра отырып, болашақта әлемдік ғылым аренасында лайықты орын алатынына» сенім білдірді.

Форумның ашылуында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова құттықтау сөз сөйледі:
«Бүгінгі Конгресс шетелдік әріптестермен тәжірибе және білім алмасуға, жаһандық ғылыми және медициналық байланыстарды нығайтуға, жұртшылықты заманауи ғылыми жетістіктермен таныстыруға және өзекті мәселелерді талқылауға жаңа мүмкіндіктер ашады».
Конгресстің ғылыми бағдарламасы Жапония, Корея, Қытай, Үндістан, Иран, БАӘ, Венгрия, Испания, Литва, Ресей, Беларусь, Грузия, Әзірбайжан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстанның жетекші мамандарын біріктірді.
Іс-шараға 400-ден астам хирург, оның ішінде 100-ден астам шетелдік сарапшылар қатысады, олардың 58-і спикер болды. Қазақстанды 250-ге жуық маман таныстырды.
Қазақстан хирургтарының IX Конгресі тәжірибе алмасу, заманауи хирургияның өзекті сын-қатерлерін талқылау және бірлескен шешімдер әзірлеу үшін маңызды алаңға айналды. Оның қорытындылары Ұлттық хирургиялық қызметті дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін болады.