ДДҰ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІНЕ БАҒАЛАУ ЖҮРГІЗЕДІ

ДДҰ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІНЕ БАҒАЛАУ ЖҮРГІЗЕДІ

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ұлттық реттеу жүйесін бағалау үшін Қазақстанға келген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының делегациясымен кездесті

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың доктор Алирэаз Хадим бастап келген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) делегациясымен кездесуі өтті.

ДДСҰ сарапшыларының сапарлап келу мақсаты – Жаһандық бенчмаркинг құралының көмегімен Қазақстанның ұлттық реттеу жүйесіне кешенді бағалау жүргізу. Бағалау дәрілік заттар айналымы саласындағы тіркеу, сараптау, фармакоқадағалау, инспекциялау, маркетингтен кейінгі қадағалау және бақылау, лицензиялау, зертханалық зерттеулер және клиникалық зерттеулерді қадағалауды қоса, реттеу функцияларының негізгі индикаторларын қамтиды.

Аудит бір апта бойы өткізіледі, оның қорытындылары бойынша институттық дамыту жоспары жаңартылады және Қазақстанның ұлттық реттеу жүйесін әріқарай нығайтудың жол картасы келісіледі.

Министрдің айтуынша, еліміздің ұлттық реттеу жүйесі белсенді даму үстінде және жаңа кемелдік деңгейіне көтерілген: заңнамалық база жаңартылуда, заманауи цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект элементтері енгізілуде, тіркеу рәсімдері оңтайландырылуда. Ұлттық реттеуді халықаралық стандарттармен үйлестіруге, PIC/S жүйесіне қосылуға даярлануға, сонымен қатар ЕАЭО, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Түрік мемлекеттерінің ұйымы шеңберінде ынтымақтасуды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.

Әлназарова ханым Қазақстанның сұхбаттастыққа дайын екенін мәлімдеп, ДДСҰ-мен бірге күш жұмылдырумен ұлттық реттеу жүйесінің келесі үшінші кемелдік деңгейіне сәтті көтерілетініне сенімділігін білдірді.

ДДСҰ делегациясының жетекшісі, доктор Алирэз Хадим өз тарапынан Денсаулық сақтау министрлігіне реттеу жүйесін дамыту жолындағы айнымас табандылық пен Қазақстан мен ДДСҰ арасындағы ұзақ уақыт жалғасып келе жатқан ынтымақтастық үшін алғыс айтты.

Ол алғашқы сапарлар сәтінен бастап елеулі ілгері дамудың байқалатынына сүйініш білдірді: елде тіркеу және бақылау мақсатындағы цифрлық шешімдер енгізілген, қазіргі замандық зертханалар дамытылуда, үдерістердің ашықтығы жоғары деңгейде қамтамасыз етілген, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде өзара әрекеттесудің тұрақты желісі құрылған. Бірқатар бағыттар — мысалы, зертханалардың жұмыс деңгейі бойынша Қазақстан 4 деңгейге жуық кемелдік деңгейінің көрінісін береді.

Сарапшының сөзі бойынша, ағымдағы бағалау инспекциялау мен тіркеу куәліктерін беруден бастап фармакологиялық қадағалау және этикалық комитеттерді басқаруға дейінгі реттеу жүйесінің 8-9 функциясын талдауды қамтитын ДДСҰ стандартты әдіснамасы (Global Benchmarking Tool) бойынша жүргізіледі.

Доктор Хадим Қазақстанның өңірлік реттеушілер желісінде айшықты рөл атқаратынын және осы саланың даму келешегінде ауқымды қуаттылығы танылатынын атап өтті.