ҰҒОО ОРТАЛЫҚ АЗИЯ АЙМАҒЫНДА АҚХА ТІРЕК ОРТАЛЫҒЫН ҚҰРУ БАСТАМАСЫН КӨТЕРДІ

ҰҒОО ОРТАЛЫҚ АЗИЯ АЙМАҒЫНДА АҚХА ТІРЕК ОРТАЛЫҒЫН ҚҰРУ БАСТАМАСЫН КӨТЕРДІ

Астанада Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығы (ҰҒОО) АҚХА Бас директорының орынбасары, Ядорлық ғылымдар және қолданбалар департаментінің басшысы Нажат Мохтар бастаған делегациясын қабылдады. Кездесу Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірі Ақмарал Әлназарова мен ҰҒОО-ның басшылығының қатысуымен өтті.
«Қазақстанда онкологиялық қызметті дамытуға бағытталған ауқымды бағдарлама жүзеге асырылуда. Соңғы үш жылда оның қаржыландыру көлемі үш есеге артты. Аталған орталықтың ашылуы мен іске қосылуы Мемлекет басшысының тікелей қолдауы мен тапсырмаларының нәтижесі болып табылады. Президент орталыққа арнайы келіп, оны әрі қарай кеңейту және қолдау бойынша нақты тапсырмалар берді. Осы тұрғыда МАГАТЭ тарапынан көрсетілетін сараптамалық қолдау біз үшін ерекше маңызды», – деп атап өтті министр.
Өз кезегінде АҚХА Бас директорының орынбасары ұйымдастырылған кездесу үшін ризашылығын білдіріп, ынтымақтастықтың оң көзқарасын атап өтті:

«Қазірдің өзінде біз нәтижелі ынтымақтастыққа үлкен әлеуетті көріп отырмыз. Орталықтағы әріптестер мекеменің қызметі туралы тамаша таныстырылым дайындады, бұл өз кезегінде біздің өзара іс-қимылымыздың табысты әрі нәтижелі болатынына сенім ұялатады», - деп бөлісті ойымен Нажат Мохтар.
Сапар бағдарламасына ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылау және Радиациялық технологиялар орталығының қызметімен танысу кірді. Делегация циклотронды-өндірістік кешеннің, тераностика, протондық және сәулелік терапия бөлімшелерінің жұмысымен танысты. Қонақтарға Орталық Азияда баламасы жоқ инфрақұрылым ұсынылды, ол радиациялық медицинаның толық циклін – радиофармацевтикалық препараттарды өндіруден бастап, оларды клиникалық қолдануға дейін қамтиды.
ҰҒОО Басқарма төрағасы Жандос Бүркітбаев клиниканың стратегиялық даму жоспарларына назар аударды. Ол орталықтың негізгі артықшылықтарды атап өтті – жоғарғы технологиялық инфроқұрылымды, заманауи емдеу әдістері және үздік тәжірибелерді енгізуге дайын білікті мамандар тобын атап өтті. Дәл осы әлеуеттің арқасында ҰҒОО базасында АҚХА-ның Тірек орталығын (Anchor Centre) құру жөнінде батыл бастама көтеруге жол ашады. Бұл жер Орталық Азияда тәжірибе алмасу мен кадр даярлаудың маңызды алаңына айналмақ.
Кездесу соңында тараптар одан арғы ынтымақтастықтың болашағын талқылады. Алдағы басым бағыттар қатарында – жаңа ғылыми жобалар, сарапшылармен алмасу және білім беру бастамалары бар.