А. ӘЛНАЗАРОВА ФРАНЦИЯНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ ЯННИК НЁДЭРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

А. ӘЛНАЗАРОВА ФРАНЦИЯНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ ЯННИК НЁДЭРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

 

 

Парижде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Францияның Денсаулық сақтау министрі Янник Нёдэр мырзамен кездесті.

Тараптар МСАК, онкология, кардиология, травматология және шұғыл медицина және т. б. салалардағы ынтымақтастықты дамытуды талқылады.

Талқылаудың жеке бағыты Қазақстанның денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғыртуға байланысты Француз даму агенттігі (AFD) мен Expertise France қатысатын жобалар болды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша француздық Sanofi компаниясының Қазақстандағы медициналық өнім өндірісін оқшаулау туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді, бұл фармацевтика саласын дамытуға және халықтың заманауи медициналық технологияларға қолжетімділігін кеңейтуге ықпал ететін болады.

Францияға жұмыс сапары бағдарламасы шеңберінде министр Жорж Помпиду атындағы Еуропалық ауруханада (Париж) болды.

А. Әлназарова аурухана қызметімен және оның озық практикаларымен танысты. Бағдарламаға медициналық мекеменің жұмысы мен оның әріптестік жобаларының тұсаукесері, биохимиялық зерттеулердің роботтық желісін көрсететін биология зертханасына бару және диагностика мен емдеудің заманауи әдістері ұсынылған кардиология бөлімшесіне бару кірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тәжірибе алмасуды жалғастыруға келісті. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында француз мамандарының Алматыға медициналық мекемелерге бару және бірлескен іс-шаралар өткізу үшін сапары жоспарланған.

Ақмарал Әлназарова Францияның ірі компанияларының өкілдерімен, соның ішінде Sanofi, Ipsen, Servier, Boehringer Ingelheim, Ellipse, C3 Medical және La Salle Blanche өкілдерімен екіжақты келіссөздер жүргізді.

Талқылау барысында тараптар Қазақстанмен фармацевтика, дәрілік заттарды жеткізу және өндіру, сондай-ақ инновациялық медициналық технологияларды әзірлеу және енгізу саласындағы бірлескен жобалардың мәселелерін қозғады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша компаниялар ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге, оның ішінде өндірісті оқшаулау және Қазақстанға технологиялар трансфері саласында жоғары қызығушылық танытты.