ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп сирек кездесетін «гипофосфатемиялық рахит» диагнозы бар пациенттерді Буросумаб (Крисвита) дәрілік затымен қамтамасыз ету мәселесін пысықтады.
Бүгінгі таңда елімізде осы диагнозы бар 26 пациент тіркелген, оның 10-ы ағымдағы жылдың соңына дейін «Қазақстан халқына» қоры қаражатының есебінен сатып алынған препаратпен қамтамасыз етілген. 2026 жылдан бастап барлық 26 пациент үшін дәрілік препаратты сатып алу жергілікті бюджет қаражаты есебінен 4,1 млрд теңге сомасына толық қаржыландырылатын болады.
2025 жылғы 18 тамызда ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша одан арғы қадамдарды талқылау үшін гипофосфатемиялық рахитпен ауыратын балалардың ата-аналарымен кездесу өткізеді.