🚂«САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН» МЕДИЦИНАЛЫҚ ПОЙЫЗЫ СҚО-ҒА КЕЛДІ

🚂«САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН» МЕДИЦИНАЛЫҚ ПОЙЫЗЫ СҚО-ҒА КЕЛДІ

 

 

7 тамызда «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Солтүстік Қазақстан облысына келді. Мұнда екі апта бойы шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына тегін көмек көрсетіледі.

 

🪧Жыл басынан бері құрам Маңғыстаудан Қостанайға дейінгі ондаған қалалар мен ауылдарда болып, 20 мың шақырымнан астам жол жүріп өтті.

 

📌Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарындағы аялдамалардың кестесі:

 1. Сулы - 08.08.25г.

2. Қайранкел - 10.08.25г.

3. Чаглинка - 12.08.25г.

4. Тайынша - 12.08.25г.

5. Қазан - 15.08.25г.

6. Чкалов - 15.08.25г.

7. Ащыкөл - 16.08.25г.

8. Даут - 17.08.25г.

9. Талшық - 18.08.25г.

10. Қызыл - 19.08.25г.

11. Макинка - 22.08.25г.

12. Қоржынкөл - 25.08.25г. 

13. Өлеңті - 25.08.25г. 

Пойызда диагностикалық зерттеулер (ультрадыбыстық, рентген, ЭКГ, зертхана), негізгі мамандықтағы дәрігерлерді қабылдау, қажет болған жағдайда шағын хирургиялық операциялар бар. Сондай-ақ, тұрғындар заңгерлерден, медиаторлардан және психологтардан әлеуметтік және құқықтық мәселелер бойынша тегін консультация ала алады.

 

👨‍👩‍👦Жоба әсіресе көп балалы аналар, жалғызбасты ата-аналар, мүгедектер, жұмыссыз жастар және ірі медициналық орталықтарға жету қиынға соғатын зейнеткерлер үшін өте маңызды.

 

Әрі қарай пойыз Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарына барады.