Астанада «Бурабай» санаторийінің 115 жылдығына арналған «Шипажай-2025» X мерейтойлық Халықаралық ғылыми-практикалық форумы өтті.
Іс-шараның ресми ашылуы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың құттықтау сөзінен басталды.
Министр өз сөзінде Қазақстанның табиғи, климаттық және ландшафттық ерекшеліктерінің арқасында сауықтыру саласында айтарлықтай әлеуетке ие екенін атап өтті.
«Санаторийлік-курорттық емдеу-денсаулық мәдениетін қалыптастырудың маңызды құрамдас бөлігі. Бұл біздің азаматтарымыздың өмір сүру ұзақтығы мен сапасына тікелей әсер ететін көп қырлы іс-шаралар кешені», - деп атап өтті ол.
Форум Қазақстан мен шет елдердің санаторийлік-курорттық саласының өкілдерін біріктірді. Мұнда санаторийлердің басшылары мен бас дәрігерлері, оңалту орталықтарының мамандары, Қытай, Германия, Ресей, Беларусь, Әзірбайжан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген делегациялар жиналды.
«Шипажай» форумы - курортология саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға, озық технологияларды енгізуге және мамандардың арасында тәжірибе алмасуға арналған жыл сайынғы алаң.
Бай бағдарлама аясында конференциялар, семинарлар, мастер-кластар және жаңа технологиялар, соның ішінде қазақстандық әзірлемелер көрмесі өтті. Қатысушылар курортология, оңалту, климатотерапия, медициналық жабдықтар, мамандандырылған тамақтану және IT-шешімдер саласындағы өз әзірлемелерін ұсынды.
«Шипажай-2025» мерейтойлық форумы сала мамандары үшін негізгі коммуникациялық платформаның маңыздылығын растады және санаторийлік-курорттық жүйенің тиімді тәжірибелері мен тұрақты дамуын ілгерілетудегі маңызды кезең болды.