ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН: MINDRAY (ҚХР)КОМПАНИЯСЫМЕН БІРЛЕСІП МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІН ОҚШАУЛАУ

ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН: MINDRAY (ҚХР)КОМПАНИЯСЫМЕН БІРЛЕСІП МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІН ОҚШАУЛАУ

 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық техника саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі - Қытай Mindray корпорациясымен бірлесіп, Қазақстан аумағында ультрадыбыстық аппараттар өндірісін оқшаулау жөніндегі жобаны іске асыруға кірісуде.

Бұл жобаны талқылау Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың және Қытай тарапынан Kewen Xu, «Shenzhen Mindray Biomedical Electronics Co» Вице-президенті, Орталық Азия өңірінің бас директоры Александр Дуанның қатысуымен өтті.

Тараптар Қазақстанда медициналық жабдықтар өндірісін іске қосудың түрлі аспектілерін, соның ішінде жеделдетіп тіркеу, технологияларды беру және жергілікті персоналды оқыту мәселелерін талқылады.

Жобаны іске асырудың негізгі әсерлері:
• Отандық ауруханалар мен клиникалар үшін заманауи медициналық жабдықтардың қолжетімділігін арттыру
• Қазақстанда озық технологияларды беру, мамандарды оқыту және инженерлік құзыреттерді дамыту
• Денсаулық сақтау жүйесіндегі жергілікті қамту үлесін ұлғайту
• Жаңа жұмыс орындарын құру және ілеспе өндірістер мен сервистік инфрақұрылымды дамыту үшін ынталандыру

Кездесу шнңберінде телемедицинаны дамыту, автоматты сыртқы дефибрилляторларды орнату бойынша қайырымдылық жобасын іске асыру, сондай-ақ мемлекеттік ауруханалар үшін медициналық жабдықтарды лизингке беру бағдарламасын енгізу мәселелері талқыланды.

«Бұл жай ғана инвестициялық жоба емес. Бұл біздің денсаулық сақтау жүйеміздің технологиялық егемендігі мен тұрақты дамуына стратегиялық қадам. Біз технологияларды беру мен өзара тиімділікке негізделген ел ішіндегі өндірістік қуаттарға және әріптестіктерге бәс тігеміз», — деп атап өтті ведомство басшысы.

Mindray-мен жоба Қазақстанның отандық өндірістік базаны нығайту, денсаулық сақтауды дамыту және жоғары медициналық технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бағытына бейілділігін көрсетеді.