Бүгін Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтаҚытай Халық Республикасының делегациясымен – Тяньцзинь медицина университетінің онкологиялық институты (TMUCIH) мен Тяньцзинь обырға қарсы күрес қауымдастығының өкілдерімен ресми кездесу өтті.
Қонақтар құрамында онкопластикалық хирургия, ультрадыбыстық диагностика, сәулелік терапия және ғылыми зерттеулер саласындағы жетекші мамандар болды.
Кездесу барысында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, клиникалық және ғылыми тәжірибе алмасу мәселелері талқыланып, ҰҒОО мен TMUCIH арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат онкологиялық диагностика, емдеу және ғылыми қызмет салаларындағы бірлескен бастамаларды жүзеге асыруды көздейді.
Кездесу барысында екі орталықта қолданылып жүрген негізгі бағыттар мен заманауи технологиялар таныстырылды. Қытай тарапы сүт безін қайта қалпына келтіру хирургиясы, клиникалық инновациялар және ACR BI-RADS жүйесінің 6-басылымына сәйкес заманауи ультрадыбыстық визуализация стандарттары саласындағы тәжірибесімен бөлісті.
Ал ҰҒОО мамандары сүт безі қатерлі ісігін диагностикалау мен хирургиялық емдеу, АКМ-матрицаларды қолдану, сондай-ақ МРТ мен УДЗ мәліметтерін біріктіру арқылы ісіктерді дәл биопсиялауға мүмкіндік беретін фьюжн-технологияны енгізу тәжірибесімен бөлісті. Бұл әдіс диагностика дәлдігін едәуір арттырып, теріс нәтижелердің қаупін төмендетеді.
Кездесу соңында Қонақтар ҰҒОО-ның радиациялық технологиялар орталығын аралап, алдағы уақытта жүзеге асырылатын бірлескен жобалар мен ынтымақтастық бағыттарын талқылады.