ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ ЦИФРЛАНДЫРУ: ЖАРТЫ ЖЫЛДА 1,8 МЛН ҚАШЫҚТЫҚТАН МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ ЦИФРЛАНДЫРУ: ЖАРТЫ ЖЫЛДА 1,8 МЛН ҚАШЫҚТЫҚТАН МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

 

Қазақстанда денсаулық сақтаудағы цифрлық құралдарды масштабтау жалғасуда. 

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында ел халқына 1,8 миллионға жуық қашықтықтан медициналық қызмет көрсетілді, бұл жалпы санның 8,35%-ын құрайды, деп хабарлады бүгін Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов ведомство алқасында.

Пациенттерді сәйкестендірудің цифрлық құралдарын қолдануды масштабтау шеңберінде ел бойынша медициналық ұйымдардың 80%-ы қажетті веб-камералармен қамтамасыз етілген.

Цифрлық сәйкестендіруден өткен пациенттердің үлесі 79%-ға дейін өсті.

Сондай-ақ, «Әлеуметтік әмиян» арқылы дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда, жыл басынан бері 6 айда дәрі-дәрмектерге жіберілген рецептілердің 76,3%-ы қамтамасыз етілді, деп атап өтті Е.Оспанов.

Цифрландыруды арттыру жөніндегі жұмыс шеңберінде денсаулық сақтау басқармаларының басшыларына медициналық ұйымдарды веб-камералармен жарақтандыру жөніндегі жұмыстардың аяқталуын қамтамасыз ету, пациенттерді цифрлық сәйкестендіруге толық көшуді қамтамасыз ету, «Әлеуметтік әмиян» арқылы дәрілік заттарды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейту тапсырылды.