Қазақстанда емдеуді 6 айдан 1-3 айға дейін қысқартатын «Рифапентин» препаратын қолдана отырып, туберкулез инфекциясын профилактикалық емдеудің жаңа тиімді режимдері енгізілді.
Туберкулез инфекциясын профилактикалық емдеумен 2025 жылдың 6 айында 8633 адам қамтылды (балалар 55%, ересектер 45%) - тиімділік 93% (ДДҰ стандартына кемінде 90% қол жеткізілді).
Туберкулез инфекциясын профилактикалық емдеу, әсіресе туберкулезге шалдығу қаупі жоғары топтар арасында аурудың белсенді түрінің таралуын және дамуын болдырмауда шешуші рөл атқарады.
✅Қазақстан Республикасында туберкулезді емдеу, диагностикалау тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тегін жүргізіледі. Туберкулезбен ауыратын пациенттерге инъекциялық препараттарды қолданбай тиімді емдеу режимдеріне толық қолжетімділік қамтамасыз етілді.
Көп дәріге төзімді туберкулезді емдеу мерзімі 24 айдан 9-12 айға дейін қысқартылды.
🔷Претоманид (BPaL/BPalM) препаратын қолдана отырып, ДДҰ ұсынған дәріге төзімді туберкулезді емдеудің жаңа режимін енгізу бойынша пилоттық жоба іске асырылуда, онда емдеу мерзімі 6 айға дейін қысқартылады.
Өткізілетін іс-шаралардың арқасында дәріге сезімтал туберкулезді емдеудің тиімділігі 2025 жылдың айында 90,8% (ДДҰ стандартына кемінде 90% қол жеткізілді), ал дәріге төзімді туберкулезге-86,4%-ды (ДДҰ стандартына кемінде 80% қол жеткізілді) құрады.
👉Есепке алу жүйесі жолға қойылған, туберкулездің барлық жағдайлары «Туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тіркелімі» ақпараттық жүйесінде тіркеледі. Туберкулезге қарсы іс-шараларды мониторингілеу және бағалау жүйелері күшейтілді.
Елімізде МСАК желісінде амбулаториялық кезеңде бақыланатын ем жүргізу үшін 455 фтизиатр кабинеті және 2564 тікелей бақыланатын емдеу (ТБЕ) кабинеті жұмыс істейді.