🎓ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖДЕРІ БИЫЛ 29 МЫҢҒА ЖУЫҚ БОЛАШАҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МАМАНДАРЫН ШЫҒАРДЫ

🎓ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖДЕРІ БИЫЛ 29 МЫҢҒА ЖУЫҚ БОЛАШАҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МАМАНДАРЫН ШЫҒАРДЫ

 

 

Медициналық колледждердің 28 мыңға жуық түлегі мемлекеттік емтихан тапсыру қорытындысы бойынша оң нәтиже алды. Бұл қорытынды аттестаттауға қатысушылардың жалпы санының 96,5%-ын құрайды. Сәтсіз емтихан тапсырушылар саны-1034.

 

⭐️Жалпы республика бойынша білімді бағалау қорытындысы бойынша орташа балл 75,3 құрады, бұл дәстүрлі бағалау шкаласына сәйкес «жақсы» деңгейіне сәйкес келеді.

 

Бұл нәтижелер денсаулық сақтау саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде мамандар даярлаудың тұрақты сапасын растайды.

 

«Қазақстанда мемлекеттік емтихан 16 маусым мен 2 шілде аралығында өткізілді. Қорытынды аттестаттаудан медициналық колледждердің 28 918 түлегі өтті, оның ішінде 25 (26,6 %) мемлекеттік және 69 (73,4 %) жекеменшік. Қазақ тілінде 20 856 түлек, орыс тілінде – 8062 түлек сыналды», - деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

 

Тестілеу қорытындысы бойынша ең жоғары орташа балды Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі (85,9 балл), Ж. Тілеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі (85,5 балл), Республикалық жоғары медициналық колледж (84,6 балл), «Мейр-Бейс» жоғары колледжі (84,2 балл), Балқаш қаласының медициналық колледжі (83,8 балл) көрсетті.

 

Бұл нәтижелер білім беру процесін ұйымдастырудың жоғары деңгейін, оқу бағдарламаларын жетілдіру, оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру және оқытуға цифрлық технологияларды енгізу бойынша тұрақты жұмысты көрсетеді.

 

ТжКБ түлектерін қорытынды аттестаттау екі кезеңде өтті:

- 100 тест сұрақтарынан тұратын тапсырма арқылы білімді автоматтандырылған түрде бағалау;

- 5 клиникалық немесе практикалық станцияда дағдыларды бағалау.