ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНДЕ САЛАНЫҢ КАДРЛЫҚ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНДЕ САЛАНЫҢ КАДРЛЫҚ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ ТАЛҚЫЛАНДЫ

 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде бейінді департаменттер мен ведомство комитеттерінің басшылары мен мамандарының, қауымдастықтар, азаматтық қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

Отырыстың басты тақырыбы денсаулық сақтау саласындағы кадрлық және ғылыми әлеуетті дамыту болды. Қатысушылар саланың кадрлық әлеуетін нығайтудың бірқатар мәселелерін, жас мамандарды тарту тетіктерін, мансаптық өсу мүмкіндіктерін, өңірлер мен ауылдық жерлерде жұмыс істеу үшін әлеуметтік қолдау шараларын талқылады.

Отырыстың қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес бірнеше бағыттағы жұмысты күшейтуді ұсынды: ғылым және адам ресурстары саласындағы кадрлардың санын көбейту және біліктілігін арттыру, фармакологиялық зерттеулерді белсенді дамыту, нақты қажеттіліктерге байланысты медициналық жоғары оқу орындарында мемлекеттік тапсырысты түзету, сондай-ақ штаттық нормативтерді медициналық көмек көрсетудің қолданыстағы стандарттарымен біріктіру және т. б.

Бұдан басқа, Қоғамдық кеңес өкілдерін Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылыми кеңесінің құрамына қосу, ғылыми қайраткерлердің жарияланымдарын ұлғайту, паллиативтік көмек бойынша біліктілікті арттырудың сертификатталған бағдарламаларын енгізу, сондай-ақ өз міндеттерін атқару кезінде дәрігерлерге жасалған шабуылдар үшін жауапкершілікті күшейту жөніндегі жұмыс тобын құру ұсынылды.

Талқылау барысында айтылған барлық ұсыныстарды Денсаулық сақтау министрлігі жұмысқа қабылдады.