🛡ҚАЗАҚСТАНДА ҚЫЗЫЛШАМЕН ЖӘНЕ КӨКЖӨТЕЛМЕН СЫРҚАТТАНУШЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ ТӨМЕНДЕДІ

🛡ҚАЗАҚСТАНДА ҚЫЗЫЛШАМЕН ЖӘНЕ КӨКЖӨТЕЛМЕН СЫРҚАТТАНУШЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ ТӨМЕНДЕДІ

 

 

▫️Алты айдың қорытындысы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты деңгейде, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитаричлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті. 

 

«31 инфекция, оның ішінде қызылша, көкжөтел 6,8 есе, А вирустық гепатиті 2,4 есе, коронавирустық инфекция 2,1 есе, лямблиоз 30%, аскаридоз 20% төмендеді», - деп атап өтті Комитет. 

 

Сонымен қатар, есепті кезеңде 24 инфекциялық ауру, оның ішінде: оба, тырысқақ, дифтерия, полиомиелит, іш сүзегі, паратиф бойынша жағдайлар тіркелмеген.

 

💉Қызылшаға қарсы профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесі шеңберінде 336 мыңнан астам бала, ал көкжөтелге қарсы 480 мыңнан астам бала егілді. Вакцинациялаумен қамту ұсынылған көрсеткіштер шегінде болады.

 

Сондай-ақ, эпидемиологтар атап өткендей, ұлттық иммундау бағдарламасы басымдықтарының бірі адам папилломавирусына қарсы вакцинациялау болып қала береді. 

 

👦11-13 жас аралығындағы қыздарды жоспарлы иммундау шеңберінде вакцинациялаудың бірінші кезеңінен 148 444 қыз, екінші кезеңнен 86 745 қыз өтті.