ОҚКА ДӘРІГЕРЛЕРІНЕ ТРАНСПЛАНТОЛОГИЯНЫ ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН ГРАМОТАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ

ОҚКА ДӘРІГЕРЛЕРІНЕ ТРАНСПЛАНТОЛОГИЯНЫ ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН ГРАМОТАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ

 

 

Донорлық ағзаларды алу, сәтті трансплантаттағаны және өмірді сақтап қалғаны үшін анестезиология және реанимация бөлімшесінің меңгерушісі Ғалымжан Прмағамбетов пен офтальмолог Гүлзат Әбдірайымоваға Денсаулық сақтау министрінің атынан грамоталар табыс етілді. 

 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Трансплантаттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталығының директоры Айдар Ситқазинов Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасының директоры Серікжан Сабырәлиевке, операцияға қатысқан барлық медицина ұжымына және дәрігерлерге Қазақстанда донорлық пен трансплантологияны дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін алғысын білдірді.

 

🔹 Алматыда алғаш рет Орталық қалалық клиникалық аурухананың базасында офтальмология бөлімшесінің меңгерушісі Гүлзат Әбдірайымова мен АРҚТБ меңгерушісі Ғалымжан Прмағамбетовтың жетекшілігімен ауқымды геморрагиялық инсульттан кейін биологиялық өлімі анықталған пациенттен екі көз алмасы сәтті алынғанын естеріңізге сала кетейік. 

Бірегей операция қайтыс болғаннан кейінгі донорлықтың арқасында мүмкін болды, тірі кезінде пациенттің өзі растады және оның туыстары қолдады.

 

👁‍🗨 Кератопластика арқылы жасалған операциялар (мөлдір қабықты трансплантаттау) буллезді кератопатиямен және мөлдір қабықтың бұлыңғырлығымен ауыратын екі пациентке көру қабілетін қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Бұл ауыр аурулар мөлдір қабықтың құрылымының бұзылуына, ісінуге, көру қабілетінің төмендеуіне және кейбір жағдайларда толық соқырлыққа әкеледі. Жалғыз тиімді емдеу - бұл мөлдір қабықты трансплантаттау.

 

❤️ Сонымен қатар, көпағзалық ағзаларды алу жүргізілді:

- Астанадағы Ұлттық ғылыми медициналық орталықта пациентке жүрек трансплантатталды,

- бүйрек елордаға жіберіліп, балаларға трансплантатталды.

 

Бір адамның донорлығына келісімнің арқасында еліміздің әртүрлі өңірлерінде бірден бірнеше пациенттің өмірі сақталып қалды және жақсарды. Бұл - қазақстандық трансплантологияны дамытудағы және өлімнен кейінгі донорлық мәдениетін қалыптастырудағы маңызды қадам.