ТЕМІРТАУДА «БОЛАШАҚҚА – САУ ТІСПЕН» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ МЕКТЕП СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ

ТЕМІРТАУДА «БОЛАШАҚҚА – САУ ТІСПЕН» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ МЕКТЕП СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ

 

Теміртау қаласының №10 жалпы білім беретін мектебінде балаларға алғашқы стоматологиялық көмек көрсету және профилактика үшін заманауи жабдықтармен жарақталған стоматологиялық кабинет ашылды.
Бұл білім беру ортасында стоматологиялық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған «Болашақ - сау тіспен» бағдарламасын іске асырудың арқасында мүмкін болды.

Жаңа кабинет мектеп қабырғасында ауыз қуысын күту бойынша тұрақты қарап-тексерулер, профилактикалық іс-шаралар мен оқыту сабақтарын өткізуге мүмкіндік береді.

Республика мектептерінде стоматологиялық кабинеттер ашу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігінің бірлескен бұйрығына сәйкес іске асырылады.

Бұл бастама стоматологиялық аурулардың өсуіне байланысты балалардың арасында пррфилактикалық шараларды қабылдау қажеттілігінен туындады. Осылайша, 6 жасар балаларда тісжегі деңгейі 2016 жылы 74,2%-дан 2024 жылы 86%-ға дейін өсті, 15 жастағы жасөспірімдердің арасында өсу 75%-дан 87% - ға дейін құрады.

«Болашақ - сау тіспен» бағдарламасының шеңберінде 1000-нан астам оқушысы бар мектептерде стоматологиялық кабинеттер мен профилактика кабинеттерін ашу көзделген. Мұнда балалар мен ата-аналарды гигиена дағдыларына үйрететін, профилактикалық емшаралар жүргізетін және аурулардың ерте диагностикасын қамтамасыз ететін стоматологтар мен стоматологиялық гигиенистер жұмыс істейді.
Бағдарлама оқушылардың кемінде 90%-ын жыл сайынғы профилактикалық тексерулермен қамтуды, тісжегі көрсеткіштерін төмендетуді, санитариялық сауаттылықты арттыруды және гигиенаның тұрақты дағдыларын қалыптастыруды көздейді.