ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН АУЫЛДАРДА ТАҒЫ 150-ГЕ ЖУЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ АЛҒАШҚЫ КӨМЕК НЫСАНЫ САЛЫНАДЫ

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН АУЫЛДАРДА ТАҒЫ 150-ГЕ ЖУЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ АЛҒАШҚЫ КӨМЕК НЫСАНЫ САЛЫНАДЫ



Жыл соңына дейін Қазақстанда «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде 150-ге жуық жаңа медициналық нысан салынады, 508-нің құрылысы аяқталады.
Ауылдық елді мекендерді медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарымен қамтамасыз ету үшін 655 нысан, оның ішінде 260 медициналық пункт, 235 фельдшерлік-акушерлік пункт және 160 дәрігерлік амбулатория салу жоспарлануда.

Құрылыс:
- арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен;
- жергілікті бюджет қаражатынан;
- «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде қаржыландырылады.

508 аяқталған нысан (өңірлер бойынша):
● Абай обл. - 62
● Қарағанды – 41
● Батыс Қазақстан – 49
● Түркістан – 49
● Шығыс Қазақстан – 35
● Ақмола – 32
● Жамбыл – 29
● Павлодар – 28
● Қызылорда-27
● Қостанай – 25
● Солтүстік Қазақстан – 46
● Алматы – 17
● Жетісу-17
● Атырау – 15
● Ақтөбе – 20
● Ұлытау-13
● Маңғыстау – 3