«Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы - Ректоры лауазымына республикалық комиссия отырысының хаттамасына сәйкес медицина ғылымдарының докторы, профессор Бақыт Нұрғалиқызы Көшерова тағайындалды.
Бақыт Нұрғалиқызы-медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары санатты инфекционист дәрігер, денсаулық сақтау жүйесінде 35 жылдан астам, оның ішінде 30 жыл - медициналық білім беру саласында және 20 жылдан астам - басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі бар.
Ол ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс инфекционисті, ҚР ДСМ сапа жөніндегі біріккен комиссияның клиникалық хаттамалар комитетінің басшысы, «Инфекционист-дәрігерлер қоғамы» РҚБ басқарма төрағасының орынбасары және АРТА халықаралық сарапшысы болып табылады.
Өзінің кәсіби қызметі жылдарында Бақыт Нұрғалиқызы медициналық білім беру және денсаулық сақтау жүйесінде бірқатар стратегиялық маңызды жобаларға бастамашы болды және табысты іске асырды, оның ішінде: Қарағанды медицина университетінің жанындағы медициналық колледждің ашылуы, ҚМУ КеАҚ консультациялық-диагностикалық орталығы мен университеттік клиникасының ашылуы.
COVID-19 пандемиясы кезінде оның басшылығымен Қарағанды медицина университетінің базасында карантиндік орталық, провизорлық және инфекциялық стационарлар ұйымдастырылды.
Бақыт Көшерова - 160-тан астам ғылыми жарияланымдардың, оқу құралдары мен оқулықтардың авторы.
Оның еңбегі мемлекеттік наградалармен,оның ішінде: «ҚҰРМЕТ» орденімен, «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ы.Алтынсарин», «ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілерімен, сондай-ақ «Халық алғысы», «Шарманов халықаралық медалі», «Қазақстан мәслихатына 20 жыл» медалдарымен және т.б. марапатталды.