Жүргізіліп жатқан кадр саясатын жаңғырту жәнемедициналық көмектің сапасын арттыру шеңберіндеДенсаулық сақтау министрлігі біліктілік деңгейлерін береотырып, денсаулық сақтау мамандарын сертификаттаудыңжаңа жүйесін енгізді.
«Бүгінде 50 мыңға жуық маман, соның ішінде 20 000-нан астам дәрігер, орта медициналық персоналдың 30 000-ға жуық өкілі біліктілік деңгейін бере отырыпсертификаттаудан өтті», - деп хабарлады бүгін ОКҚ брифингінде Денсаулық сақтаудың бірінші вице-министріТимур Сұлтанғазиев.
🔹 Біліктілік беру рәсімін жаңарту
Ашықтықты арттыруға, мамандарға әкімшілік жәнеқаржылық жүктемені азайтуға бағытталған біліктіліксанаттарын беру тәртібіне өзгерістер енгізілді.
Медицина қызметкерлерінің мынадай санаттары білімдібағалау және кейс-тестілеу кезеңдерінен өтуденбосатылады:
* біліктілік санатының қолданылу мерзімі 2021 жылғы 1 қаңтардан кейін өткен адамдар;
* мерзімсіз санатты қайта ресімдейтін медицина қызметкерлері;
* қолданыстағы біліктілік деңгейін растайтын мамандар.
🔹 Мейіргер ісі мамандарын қолдау
Техникалық және кәсіптік білімі бар, сондай-ақ «Мейіргерісі» мамандығы бойынша кейінгі орта немесе жоғары білімалған мамандар үшін бұрын берілген біліктілік деңгейісақталады. Бұл жұмыс өтілін ескере отырып қамтамасызетіледі және баламалы біліктілік санатына сәйкес келеді.
🔹 Медицина қызметкерлеріне қаржылық жүктеменіазайту
Министрлік мамандарды қолдау үшін мынадай шараларқабылдады:
* қанағаттанарлықсыз нәтиже алған жағдайда емтихандыбірінші рет қайта тапсырған кезде төлемнен босату;
* мейіргерлер үшін біліктілікті бағалау құнын төмендету — 21 000 теңгеден 17 000 теңгеге дейін.
Сертификаттаудың жаңа жүйесін енгізу медицина қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыруға, үздіксіз кәсібидамуды қолдауға және халық үшін медициналық көмектіңсапасын қамтамасыз етуге бағытталған.