ҚР КІАҒЗИ-ДА ПЕРИАКРДТЫҚ ТІННЕН ЖАСАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚАҚПАҚША АЛҒАШ РЕТ ИМПЛАНТАТТАЛДЫ

ҚР КІАҒЗИ-ДА ПЕРИАКРДТЫҚ ТІННЕН ЖАСАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚАҚПАҚША АЛҒАШ РЕТ ИМПЛАНТАТТАЛДЫ

 

ҚР-да алғаш рет КІАҒЗИ-да жетекші қытайлық өндірушінің соңғы буынының инновациялық өздігінен ашылатын қақпақшасының 1-ші имплантаттауы орындалды.

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да Қытай Халық Республикасының интервенциялық кардиология саласындағы танымал әлемдік сарапшыларының: Сычуань университетінің Батыс Қытай ауруханасының кардиология бөлімшесінің директоры, профессор Мао Чен және аурухананың бас дәрігері - туа біткен жүрек кемістіктерін интервенциялық емдеу бойынша бағыттың жетекшісі доктор Юань Фэннің қатысуымен аорталық стенозды емдеудің озық аз инвазивті технологиясы - аорталық қақпақшаны транскатетерлік имплантаттау (TAVI) бойынша мастер-класс өтті.

TAVI - ауыр қолқа стенозы және жоғары операциялық қаупі бар пациенттер үшін ашық жүрек операциясына заманауи балама. Бұл әдіс биологиялық қақпақшаны кеуде қуысын ашпай-ақ сан артериясы арқылы жеткізуге мүмкіндік береді, бұл емдеуге жатқызу уақытын қысқартады және асқынулардың санын азайтады.


Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ рентгеноперблок меңгерушісі Алексей Колесниковтың айтуынша, бұл жүйе бірегей клиникалық мүмкіндіктерді ұсынады: жоғары сапалы перикардтық тіннен жасалған өздігінен ашылатын қақпақша пациенттің анатомиялық ерекшеліктеріне оңай бейімделеді, ал оны қайта орналастыру және алу мүмкіндігі орнатудың дәлдігін қамтамасыз етеді және қауіптерді азайтады.

«Бұл мастер-класс Қазақстанда емдеудің әлемдік стандарттарын енгізуге, отандық мамандардың құзыреттерін кеңейтуге және жүрек аурулары бар пациенттерге көмек көрсетудің озық әдістерінің қолжетімділігін арттыруға ықпал ете отырып, жоғары технологиялық кардиохирургияны дамытудағы маңызды кезең болды», - дейді институт басқармасының төрағасы Марат Пашимов.

2 күннің ішінде 7 пациентке операция жасалды. Мысалы, 74 жастағы пациент клиникаға түскен кезде физикалық жүктеме, 100-150 метр қашықтықта жүру кезінде ентігу, бас айналу, бас ауруы, аяқтарының мұздауы, жалпы әлсіздік туралы шағымдары болды.

Негізгі диагноз: жүре пайда болған жүрек кемістігі, аорталық қақпақшаның айқын стенозы, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі. Қосалқы диагнозы: жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертония, 2 типті қант диабеті. Операциядан кейін пациент өзін жақсы сезінеді. Барлық операциялар сәтті өтті.