ҚАЗАҚСТАНДА ӘЙЕЛДЕР КОНСУЛЬТАЦИЯЛАРЫ ҚАЙТАДАН ЖҰМЫС ІСТЕЙ БАСТАЙДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӘЙЕЛДЕР КОНСУЛЬТАЦИЯЛАРЫ ҚАЙТАДАН ЖҰМЫС ІСТЕЙ БАСТАЙДЫ

 

Денсаулық сақтау министрлігі жүкті әйелдерге және гинекологиялық аурулары бар әйелдерге медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) деңгейінде медициналық көмек көрсететін амбулаториялық қызметтердің бірыңғай блогына біріктіре отырып, «Әйелдер консультациясы» бөлімшелерінің жұмысын қалпына келтіреді.
Бастаманың мақсаты - еліміздің әйел халқына медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру.

Әйелдер консультацияларының жаңартылған құрылымында ашылады:
* Бір күндік клиникасы бар ұрықты сақтау орталықтары
* Отбасын жоспарлау орталықтары
* Жүктілікті көтере алмауға арналған кабинеттері
* Мультидисциплинарлық топтың қатысуымен жоғары қауіпті және экстрагениталдық аурулары (ЭГА) бар жүкті әйелдерді басқаруға арналған кабинеттер
* Репродуктолог және балалар гинекологының кабинеттері


📊 Негізгі нәтижелер мен жетістіктер:
* Қазақстандағы жүкті әйелдердің 99%-ы босанғанға дейінгі бақылаумен қамтылған
* Үш жылдың ішінде пренаталдық скринингпен қамту 8%-ға өсті, бұл:
📌ұрықтың дамуындағы 7000 нан астам бұзылуларды анықтау
📌өмірге сәйкес келмейтін ақаулары бар 2000-нан астам баланың туылуына жол бермеу

Туа біткен кемістіктерді ерте анықтаудың қолжетімділігін арттыру үшін 16 перинаталдық орталықта бір күндік клиникалар ұйымдастырылды, онда 100 000-ға жуық жүкті әйел зерттеп-қараудан өтті, 500 000-нан астам медициналық қызмет көрсетілді.

2024 жылы алғаш рет «Феталдық медицина» жобасы басталды:
⠀- ұрыққа 55 жатырішілік операция жасалды
⠀- 86 болашақ жаңа туған нәрестенің өмірі сақталды
⠀-25 әйел егіздермен бірге қауіпсіз босанды

Ағзаны сақтау операцияларының саны 20%-ға артты- 2000-ға жуық әйелдің бала туу ағзасы сақталды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 18 Облыстық перинаталдық орталықты жаңарту бойынша мастер-жоспарларды бекітті:
- жүкті әйелдерге медициналық көмек көрсету үшін аудандарға бару үшін көпбейінді мобилдік топтар құрылды;
-телемедицина, онлайн-тексеру және қашықтықтан консультациялар дамуда.