ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: ЕМХАНАЛАРДА ПЕДИАТРИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕЛЕР АШЫЛУДА

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: ЕМХАНАЛАРДА ПЕДИАТРИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕЛЕР АШЫЛУДА

 


Бүгінгі таңда республикада - туғаннан бастап және бүкіл балалық шақ бойы балалардың денсаулығын қолдау бойынша шаралар кешені іске асырылуда.

Денсаулық сақтау министрлігі балаларға көмек көрсетуді жүйелейді - МСАК деңгейінде балалар барлық қажетті қызметтерді бір жерде алуы үшін педиатриялық бөлімшелер жұмыс істейтін болады.

Патронаж қызметінің жұмысы жетілдірілуде:
- еліміз бойынша 4 428 патронаждық мейіргер жұмыс істейді.

Тағы 25 мың орта буын медицина қызметкерлері патронаждық барулардың әмбебап прогрессивті моделі және балалар жасындағы ауруларды интеграцияланған басқару бағдарламасы бойынша білім алды

Нәтижесінде үйде балалардың өлімі 22%-ға, балаларды стационарларға кеш жатқызу 3%-ға төмендеді

2025 жылдан бастап МСАК – та «диагнозға дейін-мүгедектікке дейін» қағидатымен 94 ерте даму және араласу орталығы ашылды. Мұнда дамуында кідірісі бар балалар логопед, психолог, реабилитологтың көмегін алады.

Туа біткен кемістіктер мен даму бұзылыстарын ерте анықтау үшін жатырішілік кезеңнен бастап скринингтің 4 түрі жүргізіледі:
- неонаталдық,
- аудиологиялық,
- офтальмологиялық,
- психофизикалық.

2024 жылы жаңа туған нәрестелердің 96%-ы - 347 мыңға жуық бала неонаталдық скринингпен қамтылды.

10 жылдың ішінде балалар саны 34%-ға, ерте шақтағы 2,4 миллион жас баланы қоса алғанда, 5 миллионнан 6,8 миллионға дейін өсті, бүгінде әрбір азаматтың 3-сі бала болып табылады.