ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ҚЫРАҒЫЛЫҚҚА ШАҚЫРАДЫ: БАЛАЛАРДЫҢ ӘРБІР ЕКІНШІ ЖАРАҚАТЫ ҮЙДЕ БОЛАДЫ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ҚЫРАҒЫЛЫҚҚА ШАҚЫРАДЫ: БАЛАЛАРДЫҢ ӘРБІР ЕКІНШІ ЖАРАҚАТЫ ҮЙДЕ БОЛАДЫ

 

Жыл сайын 0-ден 17 жасқа дейінгі балалардың арасында 182 мыңнан астам жазатайым оқиға мен жарақат тіркеледі. Бұл әрбір оныншы бала кем дегенде бір рет жарақат алатынын білдіреді, деп хабарлады бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас балалар травматологы Арслан Дүйсенбаев ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Балалар жарақатының себептері: тұрмыстық жарақаттар - 40%, көшедегі жарақаттар – шамамен 35%, жол-көлік жарақаттары – шамамен 10%; спорттық жарақаттар – 5%; жоғары биіктіктен құлау – шамамен 5%; басқа себептер: суға бату, өрт, улану – 5%.
«Мұндай оқиғалардың басым көпшілігі ересектердің бақылауы жеткіліксіз болған кезде пайда болатын абайсызда тұрмыстық және көшедегі жарақаттар», – деп атап өтті штаттан тыс травматолог.


Денсаулық сақтау министрлігінің бағалауы бойынша, балалар жарақатының 1,2%-дан астамы баланың мүгедектігіне әкеледі. Басқаша айтқанда, 200 мың бала жарақатының 2,4 мыңға жуығы жыл сайын өмір бойы мүгедек болып қалады – бұл омыртқаның сынуының, бас миының жарақаттарының және басқа да ауыр жарақаттардың ауыр салдары.


Қазақстанда сыртқы себептерден (жарақаттанудан, жазатайым оқиғалардан, уланудан) балалардың өлім деңгейі халықаралық стандарттар бойынша жоғары болып қала береді. Жыл сайын жарақаттар мыңға жуық баланың өмірін қиады.


«Өлімнің сыртқы себептерінің ішінде жол-көлік оқиғалары, суға бату және биіктіктен құлау ең маңызды болып табылады. ЖКО-да және басқа да жазатайым оқиғаларда қаза тапқан балалар санының артуы осы мәселені шешуге ведомствоаралық кешенді тәсілдің қажеттілігін көрсетеді», - деді ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын сақтау д епартаментінің директоры Мағрипа Ембергенова.

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының деректеріне сәйкес, республика бойынша 2023 жылы балалардың терезеден құлауының 492 жағдайы, өлім жағдайлары – 26, 2024 жылы – 357, өлім жағдайлары – 25 тіркелген. 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша балалардың терезеден құлауының 105 жағдайы, оның ішінде – 7 өлім жағдайы тіркелді.

Жазатайым оқиғалардың негізгі себебі - жақын маңдағы ересектердің немқұрайлылығы, жайбарақат отыру немесе кішкентай балаларға қарау мәселелерін «үлкен балалар» мен қарт туыстарына жүктеу болып табылады.

Балалардың биіктіктен құлау жағдайлары санының өсуіне байланысты Денсаулық сақтау министрлігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге көппәтерлі тұрғын үйлердің пәтерлерінде терезелі (фрамугалық) ашылатын терезе блоктарын (балалар үшін қолжетімсіз) міндетті пайдалануды және бұралмалы терезелерге тыйым салуды көздейтін өзгерістер енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынады. Осы талаптарды тұрғын үй мақсатындағы нысандарды жобалау кезінде, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеу және реконструкциялау кезінде міндетті шарт ретінде белгілеу;
Қазақстанда балалар жарақаттарының ең көп тараған түрлері - бұл аяқ-қолдың зақымдануы және бас жарақаты.


Статистикаға сәйкес, балалардың барлық жарақаттарының шамамен 75%-ы қол мен аяқтың жарақаттарынан тұрады. Тағы 12%-ы бас пен мойын жарақаттарынан келеді. Қалған 13% басқа жарақаттарды қамтиды: омыртқаның сынуы, ішкі ағзалардың жарақаттары, қатты күйіктер, улану және көптеген аралас жарақаттар.


«Жарақаттар мен жазатайым оқиғалар балалар өлімі мен мүгедектіктің алдын алуға болатын себептері болып табылады. Әрқашан алдын алуға болмайтын аурулардан айырмашылығы, жарақаттардың көпшілігі адам факторына байланысты - қадағалаудың жеткіліксіздігі, немқұрайлылық немесе қауіпсіздік ережелерін білмеу. Балалармен болған қайғылы жағдайлардың 80%-ы ересектердің кінәсінен болады. 2019-2024 жылдары жарақаттар 6 мыңға жуық қазақстандық баланың өмірін қиды», - деп атап өтті бас штаттан тыс балалар травматологы.