ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов ОКҚ брифингінде денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту туралы айтты.
Сөз сөйлеу барысында Т. Мұратов денсаулық сақтау инфрақұрылымы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында – медициналық көмектің қолжетімділігін арттырудан бастап инвестициялар үшін қолайлы орта құруға және өңірлердің тұрақты өсуіне дейін маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде 479 МСАК нысандарының құрылысы аяқталды. Бұл ретте бұрын медициналық нысандар болмаған ауылдарда 178 нысан салынды. 301 нысан ескірген және бейімделген нысандардың орнына салынған. 2025 жылдың соңына дейін тағы 176 МСАК нысанын аяқтау жоспарлануда»,-деді вице-министр.
Сондай-ақ, ол ұлттық жобаның шеңберінде жергілікті жерге одан әрі байланыстыру үшін 5 климаттық және сейсмикалық аймақ бойынша эталондық жобалар әзірленгенін айтты. Бұл жобалау мерзімдерін оңтайландыруға, МСАК нысандарын жобалау мен салуда шамамен 16,5 млрд теңге бюджет қаражатын үнемдеуге, сондай-ақ ұлттық оператор әзірлеген эталондық жобаларды қолданудың мультипликативтік әсерін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Денсаулық сақтау вице-министрі атап өткендей, эталондық жобалардағы отандық тауар өндірушілердің үлесі 80%-дан асты.
Маңызды мәселе – өңірлерде кадрлармен қамтамасыз ету және әлеуметтік қолдау шаралары. Мәселен, ауылдық жерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау мамандарына әлеуметтік қолдау «Дипломмен ауылға!» бағдарламасының шеңберінде көрсетіледі. Медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру мақсатында әлеуметтік кепілдіктер мен ынталандырушы төлемдер пакеті кеңейтілді.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірледі. Құжат Денсаулық сақтау инфрақұрылымын – ғимараттар мен құрылыстарды дамытудағы кешенді тәсілді, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді және медициналық персоналды көрсетеді. Тұжырымдама шеңберінде барлығы 41 іс-шара көзделген.
Негізгі іс-шаралардың бірі ұзақ мерзімді өңірлік стратегияларды (мастер-жоспарларды) құру болды.
Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл, Ақтөбе, сондай-ақ Ұлытау және Жетісу облыстары бойынша 7 өңір бойынша осындай жоспарларды әзірлеу аяқталды. Қалған өңірлер бойынша жұмыс жалғасуда.
34 негізгі жобаны іске асыруға ерекше назар аударылады, оның ішінде-ұлттық ғылыми орталықтар, перинаталдық және көпбейінді ауруханалар, университеттік клиникалар. Үш ірі жоба аяқталды: Ұлттық ғылыми онкология орталығы және Астанадағы Ұлттық шұғыл медицина орталығы, сондай-ақ Алматыдағы инфекциялық аурулар ұлттық ғылыми орталығы. Мастер-жоспарларды әзірлеу нәтижелері бойынша басқа да инфрақұрылымдық жобалар іске асырылатын болады.
Ол сондай-ақ Тұжырымдама шеңберінде ҚР ЦДИАӨМ цифрлық үкіметті қолдау орталығымен бірлесіп денсаулық сақтау инфрақұрылымы нысандарының цифрлық картасының жобасы әзірленіп жатқанын хабарлады. Өткен жылы цифрлық картаның жобасы 10 өңірге, биыл қалған өңірлерді қамтыды.