Құрметті медицина қызметкерлері!

Құрметті медицина қызметкерлері!

 

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Медицина қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!


Біз дәрігерлеріміз бен мейіргерлеріміздің жетістіктерін мақтанышпен атап өтеміз, олар жыл сайын жүздеген мың науқасты қабылдап, миллиондаған жедел жәрдем шақыртуларына қызмет көрсетіп, мыңдаған күрделі операцияларды сәтті жасап, сәбилердің аман-есен дүниеге келуіне көмектесіп келеді.


Ұлт денсаулығын нығайту - мемлекетіміздің басты басымдықтарының бірі.


Қазақстанда медицинаның бірнеше бағыты халықаралық деңгейде табысты бәсекеге қабілетті. Бүгінде еліміздің әрбір тұрғынына медициналық-санитариялық алғашқы көмек те, жоғары технологиялық медициналық қызметтер де қолжетімді.


Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіз үшін алғысымыз шексіз!


Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, мол оптимизм, құрмет пен амандық тілейміз!