Бүгін Астанадағы салтанатты рәсім барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 17 номинация бойынша «Мамандығының үздігі» республикалық байқауының жеңімпаздары атанды.
Олардың қатарында әртүрлі бейіндегі дәрігерлер, акушер-гинекологтар, хирургтар, фармацевтер, оқытушылар, санитариялық дәрігерлер және еліміздің барлық өңірлерінен келген басқа да мамандар бар:
* «Стационардың үздік дәрігері» - Смайылов Совет Сләммұратұлы (Павлодар облысы);
* «Үздік жедел жәрдем дәрігері» - Тәжібекова Салтанат Болатқызы (Шымкент қ.);
• «Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің үздік дәрігері» - Бақбергенова Айгүл Жұпарбайқызы (Қызылорда облысы);
• «Үздік ауылдық дәрігер» - Төлеуов Жақып Оразайұлы (Қызылорда облысы);
• «Денсаулық сақтаудағы үздік әлеуметтік қызметкер» - Сабиева Айгүл Болатқызы (Шымкент қ.);
• «Үздік акушер» - Қаженова Маржан Тынышқалиқызы (БҚО);
• «Стационардың үздік мейіргері» - Тілеубаева Эльмира Жасұланқызы (Алматы обл.);
• «Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің үздік мейіргері» - Әлжанова Әлия Наурызбайқызы (Ақмола обл.);
• «Үздік ауылдық мейіргері» - Жұманазарова Жұлдыз Құрбанқызы (Түркістан облысы);
• «Үздік фельдшер» - Маханбетова Гүлнар Аманкелдіқызы (Ақтөбе обл.);
• «Медициналық жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» - Қожанова Қалданай Қаржауқызы (С. Ж. Асфендияров атындағы «ҚазҰМУ» КеАҚ);
• «Медицина колледжінің үздік оқытушысы» - Жұмадилова Мадина Сембайқызы (Жетісу облысы);
• «Денсаулық сақтаудағы үздік ғалым» - Жақыпбеков Қайрат Сапарханұлы (С. Ж. Асфендияров атындағы « ҚазҰМУ» КеАҚ.);
• «Денсаулық сақтаудың үздік менеджері» - Әмрин Сәкен Өмірсерікұлы (СҚО);
• «Санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі үздік дәрігер» - Пивоваров Евгений Иванович (ШҚО);
• «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың үздік маманы» - Рахымбаева Алмагүл Қалиқызы (Алматы қ.);
• «Үздік провизор» - Әлжанова Хадиша Дербісқызы (Түркістан облысы).
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова саланың үздік мамандарына дипломдар мен сертификаттар табыс етті.
Конкурс жеңімпаздары 500 АЕК мөлшерінде көтермелеу төлемдерін алады.