АКУШЕР-ГИНЕКОЛОГ 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМНЫҢ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

АКУШЕР-ГИНЕКОЛОГ 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМНЫҢ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

 

Медицина қызметкері күні қарсаңында біз өмірді сақтаудың тағы бір тарихымен бөлісеміз.

Осы жылдың 30 мамырында Алматы-Лондон рейсінің бортында жолаушылардың бірі кенеттен ауырып қалды. Ресурстар шектеулі болды және әйелдің жағдайы тез нашарлай бастады,мұндайда әрбір секунд қымбат.


Бұл бортта Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының акушер-гинекологы Салтанат Исағалиева ұшып келе жатты. Қиын жағдайларға қарамастан Салтанат Қайратқызы дереу көмек кқрсетуге кірісті: пациенттің жағдайын бағалап, қарап-тексеру жүргізді, ұсынымдар беріп, науқас үшін барынша жайлылықты қамтамасыз етті. Жарты сағаттан кейін нәтиже бере бастады - әйелдің жағдайы тұрақталды.

Салтанат Исағалиева - жоғары санатты дәрігер, медицинада 25 жылдан астам, акушерлік бөлімшені басқарады. Оның артында 10 000-нан астам босандыру және операция, жүздеген құтқарылған кішкентай өмір және мыңдаған ризашылық білдірген пациент бар.


Оның еңбегі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жоғары наградаларымен: «Денсаулық сақтау ісінің үздігі»атағымен, «Мамандығына адалдығы үшін» құрмет медалімен, сондай-ақ «Авиценнаның алтын жұлдызы» төсбелгісімен марапатталды.

Бұл оқиға дәрігердің жұмысы тек білім мен шеберлік туралы ғана емес, сонымен бірге адамгершілік, жауапкершілік және кез-келген уақытта көмекке келуге дайын екендігін тағы да растайды.