ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕЙІРГЕРІ ҰШАҚ БОРТЫНДАҒЫ ЖОЛАУШЫНЫҢ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕЙІРГЕРІ ҰШАҚ БОРТЫНДАҒЫ ЖОЛАУШЫНЫҢ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

 

 

Орал — Шарм-эль-Шейх рейсінде жолаушылардың бірінің кенеттен жағдайы ауырлап, қан қысымы күрт төмендеп, есінен танып, құса бастады. Бұл оқиға қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін еді, бірақ ұшақта Орал қаласының №5 емханасының кеңейтілген практика мейіргері – Динара Сариева болды.

Динара бір секунд та ойланбастан жылдам әрекет етіп, бір сағат бойы шұғыл медициналық көмек көрсетіп, қонғанға дейін пациенттің жанында болды.

Қиын жағдайда, ресурстар шектеулі болған кезде, ол бортсеріктермен бірге жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін ер адамның жағдайын тұрақтандыра алды.

«Ұшу кезінде күйеуім ауырып, қан қысымы төмендеп, есінен танып қалды. Бортсеріктер мен мейіргер Динара Сариева оның өмірін сақтап қалды», - деді жолаушының әйелі.

Динара Сариева - кеңейтілген өкілеттіктері бар мейіргер, күн сайын емханада пациенттерді дербес қабылдауды жүргізеді, медициналық көмек көрсетеді, алғы шепте жұмыс істейді. Осы оқиға Динараның қай жерде болса да көмекке келуге әрқашан дайын екенін көрсетті.

Бұл оқиға батылдық, білім мен мейірімділік қарапайым адамдарды нағыз батыр ететінін еске салады.