9-13 маусым аралығында Қарағанды қаласында ағзаны трансплантаттауды бастан өткерген адамдар мен диализдегі пациенттердің арасында республикалық спорттық жарыстар өтеді.
Жарыс келесі спорттар бойынша өтеді:
- жүзу (50 м фристайл)
- боулинг
- волейбол
- үстел теннисі
- дартс
Қатысушылардың жас санаттары: 18-29, 30-39, 40-49, 50-59, 60+.
Іс-шара ағзаларды трансплантаттауды бастан өткерген адамдар мен диализдегі адамдардың арасында дене шынықтыру мен спортты насихаттау; 2025-2026 жылдары халықаралық жарыстарға дайындалу және қатысу үшін ағзаларды трансплантаттаудан кейінгі адамдардың физикалық мүмкіндіктерін көрсету, трансплантаттаудан кейінгі адамдар мен диализдегі пациенттердің арасында спорт түрлері бойынша құрама командаларды қалыптастыру және жасақтау, халықтың назарын қайтыс болғаннан кейінгі донорлықты және ағзаларды трансплантаттауды дамыту проблемаларына аудару мақсатында өткізіледі.
11 маусым күні сағат 10.00-де жарыстың салтанатты ашылу рәсімі өтеді. «Донорлық пен трансплантаттауды дамыту. Мемлекет. ҮЕҰ.» тақырыбында мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ қатысуымен конференция өткізу жоспарлануда.
Іс-шараны ұйымдастырушылар - ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің спортты дамыту дирекциясы, Қарағанды облысының әкімдігі, «Өмір тынысы» трансплантаттау жүргізілген науқастардың ҚБ.