Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында бауырды трансплантаттаудан өткен кішкентай пациенттер тегін тексеруден өтіп, А. Н. Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургиялық орталықта сыйлықтар алды. Бұл елдегі балаларға бауырды трансплантаттауды жасайтын жалғыз медициналық мекеме.
⠀
Іс-шара шеңберінде балалар ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) сияқты кешенді зертханалық талдаулар мен медициналық қарап-тексерулерден өтті, бейінді мамандардың консультациясын алды.
⠀
Орталықтың басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Баймаханов Болатбек Бимендеұлы балалармен әңгімелесіп, олардың көңіл-күйін сұрап, мерекелік сыйлықтар табыс етті. Ол бұл балалардың денсаулығы әрдайым орталық дәрігерлерінің бақылауында екенін атап өтті.
«Ата-аналарының қасында қайта өмірге оралған қуанышты балаларды көру біз үшін үлкен бақыт. Бұл бізді трансплантология және медицинадағы жоғары технологиялар саласындағы жаңа биіктерді бағындыруға шабыттандырады», - деп атап өтті ғылыми орталықтың басшысы Болатбек Баймаханов.
⠀
Балалардың трансплантаттау бағдарламасын іске асыру орталықта 2016 жылы профессор Баймахановтың басшылығымен басталды, содан бері 50 бала осы күрделі операциядан сәтті өтіп, салауатты өмір сүруге екінші мүмкіндік алды.