УАҚЫТША ҚИЫНДЫҚТАР ТУЫНДАҒАН ЖАҒДАЙДА МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ МӘРТЕБЕНІ 6 АЙҒА ДЕЙІН САҚТАУҒА БОЛАДЫ

УАҚЫТША ҚИЫНДЫҚТАР ТУЫНДАҒАН ЖАҒДАЙДА МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ МӘРТЕБЕНІ 6 АЙҒА ДЕЙІН САҚТАУҒА БОЛАДЫ

Бүгін Мәжілісте екінші оқылымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды.

Халықты МӘМС жүйесімен барынша қамту және сақтандырылған азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында бұл заң жобасында жеңілдік кезеңін ұзарту жөнінде жаңа норма көзделген.

Енді бес жыл бойы өз бетінше және үзіліссіз жарна төлеген азаматтар, уақытша төлем жасалмаған жағдайда да, сақтандырылған мәртебесін алты айға дейін сақтай алады.

Бұрын бұл мерзім үш ай ғана болатын. Бұл – әділ әрі маңызды шешім, ол жүйеге тұрақты қатысып, уақытша қиындықтарға тап болған азаматтарды қолдайды.