Жамбыл облыстық ревматология орталығы енді заманауи денситометрмен жабдықталды. Бұл – сүйек тінінің минералды тығыздығын бағалауға арналған бірегей аппарат.
Денситометрия – бұл жылдам, дәл және ауыртпалықсыз диагностика әдісі, ол мүмкіндік береді:
🔹 Остеопорозды ерте кезеңде анықтауға;
🔹 Сүйек сынуының қаупін бағалауға;
🔹 Ревматоидты артрит, жүйелі остеопороз, псориатикалық артрит және басқа да аурулар кезінде сүйек тінінің жағдайын анықтауға;
🔹 Гормоналды немесе минералды алмасуға әсер ететін дәрі-дәрмектерді қабылдайтын науқастардың сүйек жағдайын бақылауға;
🔹 Жарақаттар мен операциялардан кейінгі сүйек тығыздығының бұзылуын анықтауға.
Бұл тексеру кімдер үшін маңызды?
☑️ 50 жастан асқан әйелдер мен 60 жастан асқан ерлер;
☑️ Ревматологиялық аурулары бар науқастар (ревматоидты артрит, остеопороз және т.б.);
☑️ Аз жарақаттардың өзінен сүйек сынуын бастан өткерген адамдар;
☑️ Ұзақ уақыт бойы гормоналды препараттарды қабылдап жүрген пациенттер;
☑️ Остеопорозбен ауыратын жақын туыстары бар жандар.
Неліктен бұл маңызды?
Остеопороз көбінесе «үнсіз ауру» деп аталады, себебі ол ұзақ уақыт бойы ешқандай симптомсыз жүруі мүмкін, бірақ ауыр салдарға – омыртқа, жамбас сүйегі және басқа сүйектердің сынуына әкелуі мүмкін. Ерте диагностика емдеуді уақтылы бастауға және асқынулардың алдын алуға көмектеседі.
Енді бұл зерттеуді Жамбыл облыстық ревматология орталығында өтуге болады.
Алғаш рет «University Medical Center» КҚ трансплантолог дәрігерлері 8 және 12 айлық салмағы төмен екі кішкентай пациенттерге туысқан донорлардан бауырды ауыстырып қондыруды жүргізді. Мұндай операциялардың ерекшелігі өте ауыр тұрақсыз жағдайдағы бауырдың декомпенсацияланған жеткіліксіздігі.
* Салмағы аз пациенттерге бауырды трансплантаттау Ұлттық балалар денсаулығы және даму орталығынан (Жапония) жетекші трансплантолог-хирург пен реаниматологты шақыра отырып, мастер-класс шеңберінде жүргізілді.
Мастер-класс барысында «Қазақстан халқына»Қоғамдық Қорының қолдауымен 25-тен астам медицина маманы мен резидент оқытылды.
Ауыр бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін өмірді сақтап қалудың жалғыз мүмкіндігі - донорлық ағзаларды трансплантаттау.
Республикалық трансплантаттауды үйлестіру орталығының мәліметінше, 2012 жылдан бастап ҚР-да 500-ден астам бауырдың трансплантаттауы, оның ішінде «University Medical Center» КҚ Ана мен бала орталығында балаларға 20 бауырды транспланатттау жүргізілген.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаһандық донорлық пен трансплантаттау обсерваториясының жұмыс деректеріне сәйкес жиілігі бойынша әлемде 2-ші орында бола отырып, дүние жүзінде жыл сайын 100 800 ауыстырып қондыру, оның ішінде 10 600 бауырды ауыстырып қондыру жүзеге асырылады.
Бауыр ауруы жыл сайын екі миллион өлімнің себебі және барлық өлімнің 4%-ының себебі болып табылады (әлемдегі әрбір 25 өлімнің 1-і).
РФ президентінің Астанаға мемлекеттік сапары шеңберінде Қазақстан мен Ресей Денсаулық сақтау министрлерінің кездесуі өтті. Талқылаудың негізгі тақырыбы медициналық көмектің сапасын жақсартуға және екі ел халқының денсаулығын нығайтуға бағытталған денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту болды.
Келіссөздер барысында тараптар бірқатар ауруларды емдеуде инновациялық технологияларды қолдану саласында тәжірибе алмасуды, денсаулық сақтаудың бастапқы буынын жаңғыртуды, медицинада заманауи цифрлық технологияларды енгізуді, медицина кадрларын даярлау саласындағы әріптестікті дамытуды қоса алғанда, бірлескен жұмыстың өзекті мәселелерін талқылады.
Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Михаил Мурашко елдің жетекші республикалық клиникаларының жұмысымен танысты. Ол UMC жүрек орталығының бөлімшелеріне барды, онда жылына 10 мыңға дейін жүрек операциясы жасалады, оның ішінде 2000 ашық жүрек операциясы және 700-ден астам балаға жасалады.
Сапар барысында онкологиялық пациенттерді диагностикалау мен емдеуге арналған озық жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған ядролық медицина, сәулелік және протондық терапия орталықтары орналасқан Ұлттық ғылыми онкология орталығының жаңа корпусы Ресей делегациясының ерекше қызығушылығын тудырды. Жаңа клиника Қазақстан мен ТМД елдерінде теңдесі жоқ бірыңғай кешенді мультидисциплиналық жүйе қағидаты бойынша құрылған бірегей медициналық кластер болып табылады.
Әрі қарай Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрі Медициналық авиацияның қызметімен, жаңа көпбейінді ауруханамен және Ұлттық жедел медициналық үйлестіру орталығының қабырғасындағы жоғары технологиялық медициналық жабдықтармен танысты. Ол сондай-ақ күрделі патологияларды емдеудің инновациялық әдістерін атап өтіп, Ұлттық нейрохирургия орталығына барған кезде медициналық көмек көрсету деңгейін жоғары бағалады.
«Біз әрбір азаматтың денсаулығын жақсарту үшін күш біріктіруге дайынбыз. Біздің әріптестігіміз денсаулық сақтау саласындағы озық шешімдерді енгізу және медициналық көмектің тұрақты жүйесін құру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады», - деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ақмарал Әлназарова.
Кездесудің қорытындысы бойынша екі мемлекеттің министрлері медициналық қызметтердің сапасын жақсартуға деген сенім мен ортақ мүдделіліктің жоғары деңгейін атап өтіп, тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.
Сапар соңында денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды, ол ұзақ мерзімді перспективада өзара іс-қимылдың өзекті бағыттары мен нысандарын қамтиды.
Бүгін Астанада РФ президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары шеңберінде Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың тұтынушылардың құқықтары мен адам әл-ауқатын қорғау саласындағы қадағалау жөніндегі федералды қызметтің басшысы-РФ Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Анна Поповамен кездесуі өтті.
Кездесу күн тәртібінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту және осы маңызды бағыттағы өзара іс-қимылдың одан әрі векторы мәселелері талқыланды.
Тараптар көршілес екі мемлекет денсаулық сақтау саласындағы ұзақ мерзімді берік және сенімді әріптестікті байланыстыратынын атап өтті. Сонымен қатар, олар біртұтас эпидемиологиялық кеңістікпен байланысты, бұл обаның трансшекаралық ошақтары, қауіпті инфекциялық аурулармен және вакцинамен басқарылатын инфекциялар қаупі.
«Пандемиядан кейін жаңа инфекциялар, биоқауіптер сияқты әртүрлі биологиялық қауіптер ерекше қауіп төндіреді, сондықтан санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық мәселелері күш-жігерді біріктіруді талап етеді», - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.
Кездесу барысында келесі бағыттар бойынша өзара іс-қимыл туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді:
• биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
• санитариялық-эпидемиологиялық сипаттағы төтенше жағдайларға дайындық және ден қою;
• полиомиелит, қызылша және қызамық, тұмауды иммундау және зертханалық диагностикалау мәселелері бойынша ынтымақтастық;
• бірлескен ғылыми зерттеулер және диагностикалық тест жүйелерін, иммунобиологиялық препараттарды әзірлеу;
• микробқа қарсы препараттарға төзімділікті тежеу бойынша күзет зертханаларының мамандарын оқыту;
• тіршілік ету ортасы факторларының адамға зиянды әсерінің алдын алу, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі, техникалық реттеу және радиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша тәжірибе алмасу.
Ұсынылған бастамаларды іске асыру нәтижесінде елдер санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыруға, инфекциялық аурулардың таралуын тиімді болдырмауға және халықтың жалпы денсаулығын жақсартуға сенеді.
💬Кездесу соңында тараптар қолданыстағы уағдаластықтар шеңберінде ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ санитариялық қауіпсіздік пен эпидемиология саласындағы негізгі міндеттерді шешу үшін тәжірибе мен ресурстар алмасуды жолға қоюға ниет білдірді.
2024 жылғы 26 қарашада Алматы қаласында «АИТВ-ның алдын алу және емдеу бойынша инновациялық шаралар: саясат, зерттеулер, практика» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференция 1 желтоқсанда атап өтілетін ЖИТС-пен күресудің Дүниежүзілік күніне арналған «Дұрыс жолды таңдаңыз – адам құқықтарының жолын» ұранымен өткізілетін Дүниежүзілік науқан аясында ұйымдастырылды. Конференцияның тағы бір маңызды себебі – Қазақстанда АИТВ қызметінің құрылғанына 35 жыл толуы.
Қазақстанда АИТВ алдын алу қызметінің құрылғанына 35 жыл толуына орай, конференцияға қатысушыларға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А.Ш.Әлназарова сөз сөйледі:
«Сіздердің жұмыстарыңыздың арқасында Қазақстан АИТВ инфекциясымен күресте елеулі үлес қосты және бұл қауіп-қатерді жоюға ұмтылған жаһандық қауымдастықтың бір бөлігіне айналды. АИТВ-мен өмір сүретін адамдар толыққанды және ұзақ өмір сүруге үміт, көмек пен қолдау алды», - деп атап өтті министр.
«2024 жылдың басына дейін Қазақстанда АИТВ-пен өмір сүретін 32 659 адам тіркелген. Өткен жылы алғаш рет тіркелу өсімі қарқынының төмендеуі байқалды. Анадан балаға АИТВ жұғу көрсеткіші 3,6%-дан 1,6%-ға дейін төмендеді. ЖИТС-тен өлім-жітім төрттен бірге азайды. Қазақстанда ДДСҰ ұсынған барлық 12 профилактика бағдарламасы енгізілген, оның ішінде кең танымалдылыққа ие бола бастаған контактіге дейінгі профилактика бар.
Бүгінде бұл әдісті АИТВ-сыз 11 мыңнан астам адам қолдануда, – деді ҚДИАҒО директорының міндетін атқарушы Ұлықбек Медеубеков.
Жастар денсаулық орталықтарында, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында және жеке медициналық орталықтарда алдын алу жұмыстарын кеңейту қажет. Ауруды ерте кезеңде анықтау АИТВ-ның алдын алу мен емдеуде маңызды басымдық болып табылады. Жастар арасында АИТВ-ға тест тапсыруды сәнді үрдіске айналдыру керек.
Талқылаулар барысында анадан балаға (АИТВ, мерез және В гепатиті) үштік элиминацияны енгізу, негізгі халық топтарына қатысты стигманы азайту бойынша тиімді шараларды әзірлеу, алдын алу шараларын жетілдіру және басқа да мәселелер көтерілді. Қатысушылар АИТВ тестілеудегі инновациялық тәсілдерді, АИТВ профилактикасында әлеуметтік маркетинг, краудсорсинг элементтерін және мектептердегі интерактивті әдістерді пайдалануды талқылады.
Қатысушылар атап өткендей, конференция АИТВ мен дерматовенерологиялық аурулардың алдын алуға бағытталған заманауи тәсілдерді жетілдіруде маңызды қадамға айналды.
Конференцияны ұйымдастырушылар: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы (ҚДИАҒО), «Қоғамдық денсаулық сақтау» қауымдастығы. Конференцияға Денсаулық сақтау министрлігінің, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың, халықаралық ұйымдардың – ДДСҰ, UNAIDS, USAID, CDC, ЖИТС, туберкулез және безгекпен күрес жөніндегі Жаһандық қордың өкілдері қатысты. Сондай-ақ, Беларусь, Германия, Грузия, Дания, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Украинадан АИТВ саласындағы жетекші сарапшылар шақырылды.
Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында алғаш рет OLIF (Oblique Lumbar Interbody Fusion) әдістемесі бойынша алғашқы операциялар орындалды.
Бұл инновациялықю ең аз инвазивті тәсіл омыртқа ауруларын емдеуде жаңа мүмкіндіктер ашты.
OLIF немесе «қиғаш бел денеаралық фиксация» омыртқааралық дискілерді қалпына келтіру және келесі патологияларда омыртқаны тұрақтандыру үшін қолданылады: омыртқаның дегенеративті өзгерістері, омыртқааралық дискілердңң жарықтары, спондилолистез, сколиоз және кифоз.
Араласудың жарақаттануын едәуір төмендетуге, қалпына келтіру процесін жеделдетуге және оңалту кезеңін азайтуға мүмкіндік береді.
Операцияларды Қазақстанның жетекші нейрохирургтары: Талғат Керімбаев, Ұлттық нейрохирургия ғылыми орталығының (ҰНҒО) жұлын нейрохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас жұлын нейрохирургы және Алматы Орталық қалалық клиникалық ауруханасының нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Марат Алматов жүргізді.
«OLIF бұлшықеттер мен байламдарды сақтай отырып, кішкене кесу арқылы операция жасауға мүмкіндік береді. Бұл қан жоғалтуды айтарлықтай азайтады, асқыну қаупін төмендетеді және пациенттің келесі күні белсенді болуына мүмкіндік береді. Мысалы, біз мастер-кластың шеңберінде біз L4-L5 деңгейінде бел тұрақсыздығы бар пациенттерде омыртқааралық дискіні ауыстыру операцияларын жасадық. Орнатылған имплантаттар омыртқаны тұрақтандырып қана қоймайды, сонымен қатар физиологиялық тұрғыдан дұрыс орналасуды қамтамасыз етеді.
Мұндай әдістер пациенттерге үйреншікті өмірге тезірек оралуға көмектеседі», - деп атап өтті Талғат Керімбаев.
Сонымен қатар, хирургиялық микроскоп пен арнайы жабдықты қолдана отырып, жұлын ісіктерін жою үшін үш операция жасалды.
Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасы жоғары технологиялық медициналық көмектің бағыттарын дамытуды жалғастырып, оны Алматының және Қазақстанның басқа өңірлерінің тұрғындары үшін қолжетімді етеді.
Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде бірқатар ауылдық медициналық нысандардың құрылысымен танысты.
Алға ауданының Тоқмансай ауылында күніне 25 адам қабылдауға есептелген жаңа медициналық пункттің құрылысы аяқталуда. Бұған дейін жергілікті дәрігер кеңес кезіндегі ғимаратта 300-ге жуық ауыл тұрғындарына көмек көрсеткен. Бүгінде жаңа пунктте жалпы практика дәрігерінің, ем-шара кабинеті, күндізгі стационар және дәріхана пункті жабдықталуда. Ашылуы желтоқсан айының басында жоспарланған.
Мұғалжар ауданының Жарық ауылында жаңа медициналық пункттің белсенді құрылыс жұмыстары жалғасуда. Құрылысты жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Жаңа жылдан бастап Мұғалжар аудандық ауруханасында тері арқылы коронарлық араласудың ауданаралық орталығын құру үшін қосымша құрылыс басталады. Бұл орталық бірнеше аудан тұрғындары үшін медициналық қызметтердің сапасын арттыруға және Ақтөбе-Астрахань автожолындағы Төтенше жағдайлар кезінде шұғыл қызметтің жұмысын жеделдетуге мүмкіндік береді.
Сапар барысында вице-министр Ақтөбедегі медициналық мекемелерге: балалар стационарларына, көпбейінді облыстық ауруханаға, перинаталдық орталыққа, медициналық орталыққа және бірнеше емханаға барды.
Өңір ауылдарында денсаулық сақтау нысандарының құрылысы жоғары қарқынмен жалғасуда. Осы ауқымды жобаны іске асыру ауыл тұрғындарын заманауи қолайлы жағдайларда сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Республикалық санитариялық авиация қызметі 1874 ұшуды орындады, тек 4894 пациент шұғыл медициналық көмек алды, оның ішінде 1843 адам ұшақтар мен тікұшақтардың көмегімен тасымалданды.
Сонымен қатар, бейінді мамандар 155 бетпе-бет консультация өткізді, 117 науқасқа операция жасалды, Ұлттық шұғыл медицина орталығының ахуалдық орталығы (ҰШМОАО) 4 836 қашықтықтан медициналық қызмет ұйымдастырды.
Бұл медициналық авиация желісі бойынша ағымдағы жылдың 10 айындағы ҰШМОАО жұмысының қорытындысы.
Орындалған рейстердің жалпы санынан-1302 немесе ұшулардың 70%-ға жуығы өңірлік деңгейде орындалды: медициналық авиацияның ең көп ұшуы Абай (189) , Ақтөбе (167) және Қызылорда (160) облыстарына тиесілі.
Елордадан 420 ұшу, оның ішінде Азаматтық авиацияның тұрақты рейстері орындалды, 141 - Алматыдан, 11 ұшу қазақстандық азаматтарды шет елдерден тасымалдау үшін жасалды.
Санитариялық авиацияның көмегіне жүгінудің ең көп тараған себептері-1451 жағдайдағы балалар патологиясы. Екінші орында - қанайналым жүйесінің бұзылуы түріндегі күрделі диагнозы бар пациенттер - бұл 1167 адам, оның ішінде инсультпен ауыратын 776 науқас.
Сондай-ақ, ЖКО-ға байланысты 288 жағдайды қоса алғанда, санавиацияның есебінен жарақаттардың, жазатайым оқиғалар мен
уланудың салдарынан зардап шеккен 638 адамға шұғыл көмек көрсетілді.
Акушерлік практикада шұғыл жағдайы бар 700-ден астам әйел, ауыр патологиясы бар 488 жаңа туған нәресте де медициналық авиацияның көмегімен дәрігерлердің білікті көмегін уақтылы алды.
Медициналық авиация бригадалары шалғайдағы елді мекендерден келген науқастарға қажетті консультацияларды қоса алғанда, пациенттерге тәулік бойы медициналық көмек көрсетеді.
Авиамедициналық бригаданың құрамына анестезиолог-реаниматологтар, нейрохирургтер, акушер-гинекологтар, неонатологтар, травматологтар, хирургтар іріктеледі.
Астанада Денсаулық сақтау министрінің төрағалығымен ведомство алқасының кезекті отырысы өтті, онда ағымдағы жылдың 9 айында саланың негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша болжам ұсынылды. Алқаның жұмысына Министрліктің, республикалық клиникалар мен ғылыми институттардың, ведомстволық бағынысты ұйымдардың, денсаулық сақтау басқармаларының өкілдерін, медициналық жоғары оқу орындары ректорларын, әкімдердің орынбасарларын қоса алғанда, 500-ден астам адам қатысты.
Алқа мүшелерінің алдында сөйлеген сөзінде Ақмарал Әлназарова Мемлекет Басшысы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында ұлт денсаулығын нығайту және азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйесін қайта жаңғырту үшін кешенді шаралар қабылдауды тапсырғанын, денсаулық сақтау саласының алдына жаңа міндеттер қойғанын атап өтті.
Алқаның күн тәртібінде мынадай мәселелер талқыланды: ауылдық жерлерде медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету, салалық статистиканың жай-күйі және ұзақ мерзімді келісімшарттарды қоса алғанда, 2025 жылға арналған медициналық көмекті сатып алудың жаңа тәсілдері, сондай-ақ жалпы практика дәрігерлерінің біліктілігін арттыру.
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Т.Сұлтанғазиев ағымдағы жылдың шілде айында өңірлік ерекшелікті ескере отырып, негізгі индикаторлар мен іс-шараларды қамтитын Қазақстанның 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары бекітілгенін хабарлады. Алайда бірқатар индикаторлар жүйелік проблемаларға байланысты нашарлау жағына қайта қаралды, ал кейбір өңірлердің өз мақсаттарына жете алмау қаупі бар.
Индикаторлардың орындалу қорытындыларын шығара отырып, министр аудан/қала деңгейіне дейін бөле отырып, көрсеткіштер мен іс-шараларға жетудің егжей-тегжейлі жоспарын әзірлеуді, бірқатар проблемалы өңірлерде ведомствоның бас штаттан тыс мамандарын тарта отырып, ҒЗИ, ҰО, медициналық ЖОО-лардың қатысуымен жұмыс топтарын құру мәселесін пысықтауды тапсырды.
Ауылдық денсаулық сақтауды дамыту мәселелері бойынша Вице-министр Ержан Нұрлыбаев өз баяндамасында халықтың тығыздығын, климаттық-географиялық ерекшеліктерін және басқа да факторларды ескере отырып, ауылда медициналық көмекті ұйымдастыру тәсілдерін қайта қарау қажеттігін атап өтті.
Ауыл халқына медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін министр ауылдық денсаулық сақтау үшін телемедициналық қызметтерді дамыту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеуді қарауды, ауыл халқына дәрілік қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ ауылда жас мамандарды тарту, бекіту және кәсіби бейімдеу жөніндегі жол карталарын әзірлеуді, ауылдық денсаулық сақтаудың ерекшеліктерін ескере отырып, ауылдық денсаулық сақтау деңгейінде тариф белгілеу саясатын жетілдіруді тапсырды.
Алқа отырысында талқылаудың үшінші маңызды тақырыбы халықтың денсаулығын қамтамасыз ету бойынша шешімдер құрылатын, ресурстар жоспарланатын және түрлі бағдарламалардың нәтижелері бағаланатын салалық статистиканың жай-күйі болды.
Медициналық статистиканың сапасы мен тиімділігін арттыру үшін ведомство басшысы одан әрі өзектендіре отырып, салалық статистика саласындағы нормативтік актілерге ревизия жүргізуді тапсырды.
Бұдан басқа, көпбейінді медициналық ұйымдардың базасында Ауруларды кодтау бюросының мамандандырылған орталықтарын құруды және осы бейін бойынша оқытылған мамандармен жасақтауды, медицина қызметкерлерін жаппай оқыту мен біліктілігін арттыруды ұйымдастыруды тапсырды.
Отырыстың күн тәртібіндегі келесі тақырып жалпы практика дәрігерлерінің (ЖПД) біліктілігін арттыру болды, бұл әсіресе еліміздің кейбір өңірлерінде мамандандырылған көмектің қолжетімділігі төмен жағдайларда маңызды. Биыл ЖОО-да 9 мыңнан астам ЖПД оқытылды, бұл дәрігерлердің жалпы санының 78%-ын құрайды.
«МСАК жалпы практикасы дәрігерлерінің құзыретін одан әрі күшейту және өңірлерді білікті медициналық кадрлармен қамтамасыз ету үшін 2025 жылды – біліктілікті арттыру жылы деп жариялаймын. Бұл ретте, біліктілікті арттыру тек медицина қызметкерлеріне ғана емес, сонымен қатар жоғары оқу орындары мен колледждердің профессорлық-оқытушылық құрамына да әсер етуі тиіс. Жұмысқа кірісетін жас мамандар үшін тәлімгерлікті бейімдеу және дамыту мәселесін пысықтау қажет», - деп атап өтті министр.
Осы бағыт шеңберінде практик дәрігерлер мен жалпы практика мейіргерлері үшін қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын әзірлеу және бекіту, интерндер мен резиденттердің, болашақ мейіргерлердің білім беру бағдарламаларында практикада цифрлық технологиялар мен электрондық медициналық жүйелерді пайдалануды көздеу, «Жалпы дәрігерлік бағдарлама (Отбасылық медицина)» мамандарын даярлау бойынша интернатура мен резидентураның білім беру бағдарламаларын өзектендіру тапсырмалары берілді.
Астанада ДДҰ, БҰҰ, ЕО-дан жоғары деңгейдегі негізгі халықаралық әріптестердің, жетекші сарапшылардың, дипломатиялық корпус өкілдерінің қатысуымен «Қоршаған ортаны қорғау мәселелері және адам, жануарлар мен қоршаған ортаның өзара іс-әрекеті арқылы мүмкін болатын шешімдер» атты денсаулық сақтау бойынша әріптестердің екінші форумы өтті.
Денсаулық сақтау министрлігі ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік офисімен бірлесе отырып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы негізгі ұлттық басымдықтарды талқылау және экологиялық факторлардың адам денсаулығына теріс әсерін азайту бойынша бірлескен күш-жігерге шақыру үшін барлық мүдделі тараптардың екінші кездесуін ұйымдастырды.
«Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында экологияны жақсартуды және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды біздің Үкімет үшін басым бағыт ретінде белгіледі. Біздің өңірдегі ең маңызды экологиялық дағдарыстардың бірі болып табылатын Арал теңізінің проблемасы өзекті болып қала береді. Осы жылдың көктемінде Қазақстан еліміздің көптеген өңірлеріне айтарлықтай залал келтірген елеулі су тасқынына тап болды. Біздің Форумды өткізу экологиялық жағдайды жақсарту бойынша шаралар қабылдаудың өзекті қажеттілігін көрсетеді», - деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау министрі форумға қатысушыларға арналған кіріспе сөзінде.
Әріптестер форумының екінші отырысының мақсаты денсаулық сақтау саласының негізгі мәселелерін, жалпы ел бойынша да, жекелеген өңірлерде де экологиялық апаттардың туындауына неғұрлым осал экологиялық фон мен қоршаған ортаны нығайтуға бағытталған жақсарту саясаты мен стратегияларды талқылау болды, атап айтқанда дөңгелек үстелде Арал өңірі проблемасы көтерілді.
«ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының атынан денсаулық үшін II әріптестер форумына шақырғаны үшін мен шын жүректен алғысымды білдіремін. Бүгін біз Қызылорда, Ұлытау және Атырау сияқты облыстарда қоршаған ортаның халықтың денсаулығына әсерін талқыладық. Бұл Форум донорлар мен әріптестерді ынтымақтастыққа және бірлескен шаралар қабылдауға шақырудың тамаша платформасы болды. Мен сондай-ақ Қазақстан Үкіметіне қоршаған ортаның адам денсаулығына әсерін зерттеуде маңызды рөл атқаратын «Бірыңғай денсаулық» тәсілін іске асырудағы елеулі ілгерілеуі үшін ризашылығымды білдіремін», - деп атап өтті ДДҰ-ның инфекциялық аурулар, қоршаған орта және денсаулық жөніндегі Еуропалық бюросының бөлім директоры Робб Баттлер.
ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілі, доктор Скендер Сыланың айтуынша, қоршаған орта және төтенше жағдайларға ден қою саласындағы күш-жігерді біріктіре отырып, біз денсаулық сақтау жүйесін айтарлықтай нығайта аламыз.
«Қазақстан жаһандық және өңірлік экологиялық сын-қатерлерді талқылау үшін диалог алаңына айналуға дайын. Күш - жігерімізді біріктіре отырып, біз Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсартуға елеулі үлес қоса алатынымызға сенімдімін", - деп атап өтті А.Әлназарова.
Өткізілетін кездесу нәтижесінде адам, жануарлар мен қоршаған ортаның өзара іс-қимылының қиылысында туындайтын проблемаларды шешу үшін форумға қатысушылар өткізетін іс-шаралар туралы есеп, сондай-ақ сектораралық және ведомствоаралық ынтымақтастықты күшейту жөніндегі ұсынымдар дайындалатынын атап өтеміз.